Өлең, жыр, ақындар

Ақ қырау – аппақ көбелек

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Күрсініп іштен көл тынып,
Жапырақ қурап ұшқанда,
Көзімді жасқа толтырып,
Қарадым қайтқан құстарға.
Уақытқа ешбір тоқтау жоқ,
Шыдарсың қалай келіспей?
Тағы да бір жаз өтті-ау деп,
Күйзеліп тұрдым мен іштей.
Жоғалды қайда гүлдерің,
Жазым-ау, неге қысқардың?
Кетті ме қызық күндерім
Қанатында ұшқан құстардың?
Әркімге бар ғой бір жазым,
Құстар-ау, сақ бол мергеннен.
Келер ме қайтып бұл жазым,
Айналып сендер келгенмен?
Мезгілмен бірге көшермін,
Келеді тағы бір көктем.
Ізетпен сәлемдесермін,
Жымияр ол да құрметпен.
Түсінер, бәлкім, түсінбес
Жұмбақтау сырын жанымның.
Не күйге, сірә, түсірмес
Шарпуы жастық жалынның.
Біртіндеп сырғып, көрінбей,
Ғайып боп көзден бақ мынау,
Салқын бір күздің лебіндей,
Самайға қонар ақ қырау.
Уайымдап оны не керек,
Ұшар да кетер жөнімен.
Ақ қырау – аппақ көбелек,
Ойнаған уақыт желімен...

1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айттым сәлем сағынып

  • 0
  • 0

Айдың жүзі,
Күннің көзі
Ақ шуағын шашқанда;
Дүние балқып,

Толық

Шіріген гильза сыр айтар

  • 0
  • 0

Сұмдық бар қанша мұңайтар
Соғыстан қалған гильзада.
Шіріген гильза сыр айтар
Қаралы күннен зілзала.

Толық

Тұманбай елуге келгенде

  • 0
  • 0

Жырсыз күнің өткен емес ешқашан,
Жабырқадың ойдан ұшқын шашпасаң.
Көктем күйі күмбірледі сәт сайын,
Сен қолыңа қалам ала бастасаң.

Толық

Қарап көріңіз