Өлең, жыр, ақындар

О, тағдыр!

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 363
Жаратқанға не жазып ем мен бейбақ,
Қайда барсам, қара боран – шөлді аймақ,
Құландайын құлап едім кұдыққа,
Құрбақалар құлағымда салды ойнақ.
Құрбақалар тойлап жатыр мейрамдап,
Думандатып, асыр салып тайраңдап.
Құлағымды кесетіндей түбінен,
Тас төбемді тесетіндей ойрандап.
Тырп еткізбес түбі терең тар құдық,
Кең дүниеге қойғанын­ай зар қылып!
Зымиянның ұясындай зынданым,
Көрге айналып кетер ме екен мәңгілік?
Жан білмейді, мейлі, мұнда өл аштан,
Біреу келіп үңілмесе адасқан.
Шығыршықтай шыңыраудың аузынан
Оймақтай боп көрінеді көк аспан.
Күн өтеді көзімді ашып­жұмғанша,
Жалғыз жұлдыз күзетеді түн болса.
Қанша ғұмыр түгесерін кім білсін,
Төбемдегі ойын­сауық тынғанша.
Құр құдықты күңірентіп, о, тағдыр,
Ертелі­кеш ауыр ойға батам құр.
Құрбақадан қайда қашып құтылам,
Болғаннан соң жер­су ортақ – Отан бір?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезім мен төзім арбасып

  • 0
  • 0

Сезім мен төзім арбасып,
Санаға салды ой бұғау.
Кетсе де жылдар алмасып,
Көкейден кетпей қойдың-ау.

Толық

Құралай-ғұмыр

  • 0
  • 0

Мына күннің алды – жаңбыр, арты – қар,
Тоңған жаным торғайдайын қалтырар.
Ғұмыр, сірә, қызылшақа құралай,
Туа сала сан жығылып, сан тұрар.

Толық

Биік болса...

  • 0
  • 0

Шын жүйріктің естілер ел шетіне дүбірі,
Көк есектің адымы ашылмайды ғұмыры.
Толып жүрген шық бермес Шығайбайлар ішінде,
Атымтайы жігіттің Амангелді Дінұлы!

Толық

Қарап көріңіз