Өлең, жыр, ақындар

Балқантауға айналды

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 403
Адастырған аспанның ашығында,
Балалық шақ, қайдасың, жасырынба!
Байқамаппын бақыттың өзі екенін
Тепкен добым, ойнаған асығым да.
Көңілімнің қайығын қайраңдатып,
Күрсінемін өткенді ойлап жатып.
Тесілген доп, мүжілген асық болып,
Қайда қалды, кім білсін, қайран бақыт?
Алыстадың, балалық, қашан менен,
Жоқ еді ғой пиғылың қашам деген.
Топ еткізіп елеусіз тастап кеттің,
Арпалысып жүргенде асауменен.
Орындалған пенденің қай тілегі,
Іздегенмен табамын қайтіп оны?
Бозторғай боп, бәлкім, ол ұшып кетті,
Бар көлемі бармақтай дейтін еді.
Күн батты да таң атты арайланып,
Шеше алмадым жұмбағын сан ойланып.
Сілтегендей бағыты қайда екенін,
Жұлдыз біткен жусайды солай барып.
Сиқыр еді не қылған мезгіл деген,
Қолыңдағы қымбатты сездірмеген.
Балқантауға айналды аяқ жетпес,
Бас бармақтай бақытым көзге ілмеген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәурен­-ай!

  • 0
  • 0

Самғаған аспанында сар даланың,
Сағындым бозторғайдың салған әнін, дәурен­ай!
Еркіңе бағынбас,
Асау арман­ай!

Толық

Талшыбық

  • 0
  • 0

Талпынып бір талшыбық
Сарыарқаның тауында,
Тоңды талай малшынып
Қара нөсер жауынға.

Толық

Қуғанмен қанша...

  • 0
  • 0

Дүние – сиқыр бір сағым,
Арбайды көзін қуса кім.
Ындыны кепкен пенденің
Тажал боп жайлар құрсағын.

Толық

Қарап көріңіз