Өлең, жыр, ақындар

Крылов тақырыбы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 410
Қара тал судыр қағып жапырағы
қайың боп ойнағанда — қатырады.
Ролін тау-қыранның байғыз ойнап,
бұлбұлды есек сынап жатыр әлі.
Түк ұқпай қайсар Емен заман жайлы,
Шілік әлі майысып амалдайды.
Қорқытып қоңыр қанден пілдерге үріп,
Қу түлкі арыстанды әлі алдайды.
(Арыстан — құдірет қой бірақ әлі,
кім қарсы азулыға тұра алады?!
Табылды, білемін, тек бүгін ғана
түлкіге алданбаудың бір амалы).
Япыр-ау, көңіл қалай қамықпайды —
Әтеш те әтештігін танытпайды.
Осы екен шын өкініш, анық қайғы:
Маймылдар айна сырын әлі ұқпайды.
Бір күндер өтіп жатыр бірге ілесіп,
Аққу мен қара қарға іргелесіп.
Аңқаудың аузында әлі ірімшік тұр,
аш қасқыр ала қоймен жүр кеңесіп.
Тоқтыққа әр құмырсқа жол ашты ұлы
Жоқ!
Бүгін о кезгінің жоқ аштығы.
Келеді әттең, әттең өлі қалмай
қимыл мен пиғылдардың оғаштығы.
Бұл, рас, көне мысал, тозған қайғы,
аққу, шортан, шаянға сөз қалмайды.
...Жігіттер, ойлан бірақ, бүйте берсек
біздің де көп жүгіміз қозғалмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос қоңыр қаз

  • 0
  • 0

Көзің — мөлдір,
көл — мөлдір, мөлдір, мөлдір,
мөлдірлердің мөлдірі мен жүрген бір.
Не қарайсың мөлдіреп мына маған,

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Әдемі үннің әр тамшысын аулап ап,
Әлдеқайдан тартады әнші саумалап.
Бір жақ ұшы сайда жатыр бұл әннің,
Бір жақ ұшы сонау асқар тауда қап;

Толық

Мойнына арқан түсіп, күш батпаған...

  • 0
  • 0

Мойнына арқан түсіп, күш батпаған,
көнбеген жаз – кермеге, қыс – қақпаға,
бір асау әлі қашып жүрген сын-ды,
құрыққа сол күндері ұстатпаған.

Толық

Қарап көріңіз