Өлең, жыр, ақындар

Дүкенде

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 505
Түсінбейсің көп адамға,
көпте — ерік,
көп деген көл — тұзың көлге кетті еріп.
Қайбір пиғыл қиын бірақ;
дүкеннен
шықты біреу бір тай шытты бөктеріп.
Жаңсақ сөздер өртейді екен өзекті,
бір күн өстіп өртенумен тез өтті.
Соқты біреу шырпы қымбаттайды деп,
бір келіншек шұлық жайын сөз етті.
Тамақ тоқта, таң қаласың, қайғы көп,
қызды уайым не болса — сол жайлы үдеп.
Көп көзінше дүңк еткіздім мен кенет
"жаңа жылда өсек қымбаттайды", — деп.
Кейде адамның келеді екен күлкісі, —
кетті өзгеріп сонда жұрттың түр-түсі.
Біреу күлді: "рас, кітап қымбат", — деп,
"болар, болар!" — деп күрсінді бір кісі.
Дүкеншілер жоқ қаулы мен бар заңды ап
лақап етті ұят қосып, ар жалғап:
Қымбаттаса — қымбаттасын шыт-шыпыр,
тек, адамдар, біз қалмайық арзандап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Еш кесірлік көрмесімді біліп ем
жаһан толы жақсылардың бірінен.
Мені шалса — лас аяқ шалып жүр,
мен сүрінсем — жамандарға сүрінем.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Атқа мініп жүрем ылғи,
қыстығып
мінген атым кісінеп, не пысқырып,
Желіс салып, кейде өзімше жетісіп,

Толық

Қасым аға

  • 0
  • 0

Тұтап шығып сөзі ойдан,
аһ дегенде пеш-демі,
Жалын айдап шығатын —
Уа, ақ жалын, кеш мені,

Толық

Қарап көріңіз