Өлең, жыр, ақындар

Жарастық

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 286
Бірді сынап жүрген жұрт, бірді міндеп:
қара қарға байғызға күлді күндеп.
Бозторғай жүр — шиқылдақ балапанын
уа, менің кіп-кішкене бұлбұлым деп.
Қанден кімнен кем екен! Пілге үреді.
көп мақтама, қой, ойбай — бүлдіреді.
Салыстырсаң қарғамен бозторғайдың
балапаны, шынында, бұлбұл еді.
Атақ десе көңілге құрт кіреді,
бұлбұлды әркім, сондықтан, түрткіледі.
"Елге мәлім бұлбұлдың таңғы әуені,
есектің де есімін жұрт біледі".
Деп тоқылдақ бір жақтан дау шығарды;
(дауға жарар оның да даусы бар-ды)
Жас жолбарыс аулақта жатты жұмып,
кәрі түлкі айласын таусып алды.
Шымшық айтты: "мені де біледі елім",
"білгені ғой,— Үкі айтты — тілегенің?"
Қарт жапалақ жармасты тоты құсқа
"бір тапшы деп, сұлуым, жүрек емін".
Арыстан тұр ешқайсын кәріне ілмей,
оған маймыл әрі дос, әрі інідей.
Торғайша ұшты бұлбұлдар, қазша — қыран,
ал, орманға аң-құстың бәрі бірдей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр

  • 0
  • 0

Жаңбыр жауды,
хал мүшкіл,
көлік сирек — кешіктім.
Алқынып кеп жабыстым

Толық

Жайық жағасында

  • 0
  • 0

Ақ Жайық жарға бас ұрып,
Асығып кейін қайтады.
Толқынды толқын асырып,
Жасырып сырлар айтады.

Толық

Тұрмыз, міне, вокзалда

  • 0
  • 0

Тұрмыз, міне, вокзалда...
Үлкен де тұр, кіші де тұр, тұр бәрі.
Құлақта тұр таңғы желдің ырғағы.
Сықыр еткен кей ботинка табаны

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар