Өлең, жыр, ақындар

Нөсерден соң

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 401
Бәлкім, мұңды хал шығар —
тал көз жасын іркіп тұр.
Көзі шатынап тамшылар
әлденеден үркіп тұр.
Маңай — сылбыр, сұрама —
сылбырлықта мың түрлі:
су ағады жырада
сүт қатқан шай сықылды.
Ала алмай тұр жел екпін —
көкті кетті сүртіп кім?!
Түбі кәрі теректің
сирағындай бүркіттің.
Бір жасардың, жалған-ай;
қайың-ару, хал қалай?..
Айыр інген — Алатау,
боздап келіп қалғаны-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әжеме

  • 0
  • 1

Байғұс әжем, бір жыл болды, бір жол болды – көрмедім,
Көрмедім мен бурыл шашты кәрі қолдың өргенін.
Көрмедім мен сиыр айдап, отқа тезек салғанын,
Көлеңкеге құрып қойған ала жолақ өрмегін.

Толық

Жалындап барды да батты күн...

  • 0
  • 0

Жалындап барды да батты күн,
Оның да уақыты болып қап.
Жүйрік жел баса алмай аптығын
Бұтаға сүйенді солықтап.

Толық

Құрдасыма

  • 0
  • 0

Жыр жазарсың – мықтасаң,
Баурында туған төбенің,
Өзіңді-өзің ұқпасаң
Сені кім ұғар деп едің!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар