Өлең, жыр, ақындар

Ауылда

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2825
Қатал боп тұр мына заман нарығы,
Қатты боп тұр нарығыңың қарымы.
Қанша жүрдім қараңғыда қарманып,
Қайда кеткен ауылымның жарығы?
Сұлбасы тұр көше-көше үйлердің,
(Мен бәріне еркін кіріп үйрендім).
Білінбейді еш тіршілік белгісі,
Жүрек сыздап, бір беймаза күйге ендім.
Әрбір үйі айналғандай қамалға,
Сенбейді ауыл қазір ешбір адамға.
Түн болғанда, төңірегін бекітіп,
Көшіп жатыр сан түрлі айла-амалға.
Жатушы едік қай төрде де көсіліп,
Дос-жаранмен сырласушы ек шешіліп.
Ауылымның дәстүріне қонақжай,
Мына заман алды әбден өшігіп.
Ауыл үстін қараңғылық басыпты,
Ай да «ұялып», бұлт тасалай қашыпты.
Аунап-қунап қайтайын деп келіп ем,
Қайран ауылым көңілімді жасытты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

1993 жылы жазылған өлең

  • 0
  • 0

Қалайсыңдар, ағайындар қырдағы,
Келмей жүр ме тіршіліктің ырғағы?
Тасып біраз кегпіп едік тоқтықтан,
Жаратқанның сыны шығар бұлдағы.

Толық

Таба нан

  • 0
  • 0

Қойғандай қызыл-жасыл нұрга малып,
Көрінер қызғалдақтар қырдағы анық.
Шығысты таң шырайы зерлегенде,
Ешкітау шыға келер тұлғаланып.

Толық

Құр қалмас

  • 0
  • 0

Әркімнің де бар өзінше есебі,
Өзінше ойлап, тек өзінше шешеді.
Опынады, опынады сан соғып,
Дұрыс болмай шықса ісі кешегі.

Толық

Қарап көріңіз