Өлең, жыр, ақындар

Төребай мен Сара

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 975
Төребай Есқожаұлы 1850-1910 жылдар арасында өмір сүрген адам, руы – Жағалбайлы. Үлкен бабалары сонау жаугершілік заманда Жалайыр сиыршы руының төрелеріне Төлеңгіт болып келіп, содан қазіргі Қаратал, Көксу бойларын мекендеп қалған деседі. Төребайдың бізге белгілі айтыстарының бірі 1900 жылдарда наймандағы Тұрысбек қажының ауылында болады. Сондағы бір шілдехана тойында Сарамен кездескен Төребай айтыстан бас тарта алмайды. Бұл айтыстың ішінде болған Сейдахмет Кебекұлы «Есімде қалғаны мынау еді» деп айтып отыратын еді. Айтысты əуелі Сара бастаса керек.

Сара:
Біледі, Үйсін, Найман Сара екенім,
Жасымнан өлең қуған жан екенім.
Еліне Төребай да болыс бопты-ау,
Ығында жүруші еді Қаракеңнің.
Құда деп жігі-жапар құрметтепті,
Ауылы Тұрысбек пен Тəнекеңнің.
Жалайырлар білместен келген шығар,
Сараның бұл ауылда бар екенін.

Төребай:
Жиналыпсың шілдеге маңайыңмен,
Сараны естіп келдім, барайын мен.
Қаракеңнің ығында жүрсем-дағы
Айтысқамын қыздардың талайымен!
Арғын, Найман елімен сөзің бітсе,
Бір айқасып көрсеңші Жалайырмен.
Сен де туған анадан мен де туғам,
Бір сөйлесіп сенімен қалайын мен.
Төребаймен əуелі байқасып көр,
Шапанымды жеңілсем жабайын мен!

Сара:
Жалайыр теріс қарап ұйықтайды,
Жылылап текеметін тұйықтайды.
Жылқысын бергі шеттен қуа қашып,
Сексенбайдай батырлар иықтайды.
Күз болса алып келіп жей береді,
Алдыңғы барған ізін суытпайды.
Жалайыр да бірталай ел емес пе,
Өзгелерді қоқаңдап жуытпайды.
Сексенбай алған болса, алаңсыз боп,
«Қалғаны сау болсын» деп ұйықтайды.

Төребай:
Ақын емен жүретін қаздай қалқып,
Сексенбайды мақтадың Сара шалқып.
Батыр деген атақтан адыра қалсын,
Момын елді жылатып жеген тартып!
Ел қорғайтын батырды мақтасаң ед,
Жөн білетін Сара едің, кеттің тантып!
Бұрынғы ата-баба мақалы бар,
«Енді қортық бүлдірер, қойды – шартық!
Шетте жатқан теріні ит сүйрейді,
Сексенбайдың сол иттен қай жері артық?» –

дегенде өзінің сүрінгенін түсінген Сара күліп жіберіпті де, Төребайдың үстіне ішігін жауыпты. Сонда ауыл ақсақалдарының бірі: – жоқ, шырағым Сара, бұл жеңіліске кінəлі сен емессің, Сексенбайдай тентекке тию салмай отырған біз кінəліміз, – деп Сараның шапанын жапқан екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қош бол, елім!

  • 0
  • 0

Жүргенде бір шапандық олжа сынды,
Ел-жұртым көрген еді көз жасымды.
Қанды көз қарақұстың тырнағынан,
Босатып зорға алып ем өз басымды.

Толық

Аққу

  • 0
  • 0

Қымбатты апа, жеңгем, құрбы-құрдас,
Қайғыма қатар ортақ мұңы мұңдас.
Ғажайып түсімде мен бір іс көрдім,
Көп болып бұл түсімнің жоруын аш.

Толық

Сара мен Құдайберген

  • 0
  • 0

Келін боп бұл ауылға Сара келді,
Қолына домбырасын ала келді.
Төлімен Тасыбайды көбейтсем деп,
Ішіне бір баласын сала келді.

Толық

Қарап көріңіз