Өлең, жыр, ақындар

Ата-ана жүгі аманат!

Ата-анаға кұрмет қыл,
Аманат жүгі түскенше.
Қарыздан ешкім құтылмас,
Қабірге жаны кіргенше.

Он сегіз мың ғаламды,
Бір Алла өзі жаратқан.
Пайғамбарымыз жөн беріп,
Пендесіне адасқан.

Бұрынғы өткен жандарда,
Армансыз өткен жан бар ма?
Ырзалық етіп жылайық,
Құдіреті күшті Аллаға.

Жаннатты анадан іздеп ек,
Төрінде жүруді нəсіп ет.
Табан астынан іздеген,
Амалдарымызды қабыл ет.

Қалауы көп қой пенденің,
Өлімді жеңген жан бар ма?
Қосылармыз бәріміз,
Мақшардың күні болғанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен

  • 0
  • 0

Мені өшіруге тырысқан
Мен сөнбеймін жарқыраймын
Шын бақытты сезінген
Мен енді көңілсіз болмаймын

Толық

Ғибрат болсын сіздерге!

  • 4
  • 0

Иманға шын берілген,
Тойсыз да өмір сүре алар.
Еңбекке шын берілген,
Əнсіз де өмір сүре алар.

Толық

Қайғы

  • 2
  • 0

Кей адамға өмір қайғы, 
Көрген қызығы аз еді.
Кей адамға өлім қайғы, 
Үлгермегені бар еді.

Толық

Қарап көріңіз