Өлең, жыр, ақындар

Жалғайды...

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1800
Қайда қоям алып-ұшқан көңілді,
Кемерінен асып, қанша төгілді.
Күнде көріп жүрген мына адамдар,
Менің ішкі жағдайымнан не білді?
Таң атпастан төсегімнен тұрамын,
Әр күніме жеке жоспар құрамын.
Жазылмаған сияқтанып бір жырым,
Айтылмаған сияқтанып бір әнім.
Жүрек шіркін тірлікті бұл қалады,
Осы ғана көңілімнің алаңы.
Шөберемді көрем деп айта алман,
Ал өлеңім болашаққа барады!
Бәзбіреулер жүрген кезде еліріп,
Бұл тірліктен кетем кейде жерініп.
«Caп, caп көңілім, сабаңа түс» деймін де,
Үйреншкті іске кетем жегіліп.
Біреулерге мансап қайғы, мал қайғы,
Жалған тірлік жан біткенді алдайды.
Ұрпағыма байлық тастап кетпеймін,
Арамызды жазғандарым жалғайды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адресі бар өлең

  • 0
  • 0

Құрметтісі болмадым деп баршаның,
Қарап жүріп, өз-өзіңнен шаршадың.
Ел көзіне еленбей-ақ қойдым деп,
Қабағыңа ұялаттың қанша мұң.

Толық

Текті болсаң

  • 0
  • 0

Көп адамдар мақсат тұтып биікті,
Осы жолда тоқыпты да, күйіпті.
Барын салып, жанын салып жүргенмен,
Ел-жұртына болмас бәрі сүйікті.

Толық

Бұл тірлікте

  • 0
  • 0

Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.

Толық

Қарап көріңіз