Өлең, жыр, ақындар

Мен өмірдің өз тілінен сыр таптым

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 312
Мен өмірдің өз тілінен сыр таптым,
Сыр таптым да ұштым биік шырқап тым.
Жақсымын ба, жаманбын ба, өлшенем,
Көзіменен бүгінгі жас ұрпақтың...
Биігіме биіктер тұр мінгесіп,
Күліп шыққан тұрам ашып күнге есік.
Бақыттымын, уақыттың жүрегі
Жүрегіммен соғып тұрса үндесіп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көп ұйықтап қалыппын...

  • 0
  • 0

Сағынамын, іздеймін, таба алмаймын
Алынбайтын әлсізге қамалдаймын.
Жастықпенен көбірек ұйықтап қалып,
Арманынан кешіккен адамдаймын.

Толық

Аяғы сынған көгершінге қарап...

  • 0
  • 0

Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...

Толық

Өңімде ойлап, түсімде көрем

  • 0
  • 0

Өңімде ойлап, түсімде көрем,
Еңсемді басып қорғасындай жыр.
Өзіңе деген ішімді өртеген,
Өмір ме екен, шөл басылмай жүр.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар