Өлең, жыр, ақындар

Қысқы таңда

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 259
Бала едім ғой, пәк едім ғой онда мен,
Өмірдің бар қызығына шөлдеген.
Қос ат жеккен шойын табан шанамыз
Қалқып келе жатты қысқы жолменен.
Есіңде ме көбелек қар, бала қыз,
(Өткен күндер көрмегенге бәрі аңыз).
Қысқы таңда санамызды сиқырлап,
Сырнай тартып келе жатты шанамыз.
Ақ боранға ашып тастап кеудені,
Ақ тоныңмен қымтап едің сен мені.
Әсем әннің қайырмасын ысқырып,
Өзің ұстап отырғансың делбені...
Өкініштің бораны өксіп ішімде,
Сол суретті көрем кейде түсімде.
Сонда екеуміз ат шанамен қалқып бір
Келе жаттық ақ сағымның ішінде...
Аяңдаған аттың жалын қар шалды,
Алдымыздан қиял-арман қарсы алды.
Қысқы қала күмбезденіп алыстан,
Көк аспанға көтеріліп ән салды...
Қос көңілге біткендей-ақ жыр – қанат,
Тұрды дүние екеумізді сырға орап.
Жол үстінде жауып жатқан жұлдыз қар
Еріп бара жатты үстіңнен сырғанап...
Өтті жылдар, ұмыттың-ау сен мені,
Қариды қыс сағыныш боп кеудені.
Тағдыр жеккен ат-шанада сен емес,
Басқа біреу отыр қағып делбені...
Жолға шықсаң, еске алмайсың сен мені...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяғы сынған көгершінге қарап...

  • 0
  • 0

Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...

Толық

Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі

  • 0
  • 0

Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі,
Талпындырған құштар ғып алға мені.
Тіршіліктің сәулелі туын ұстап,
Тау басынан алаулап таң келеді.

Толық

Ауаны жұтам мен еркін

  • 0
  • 0

Ауаны жұтам мен еркін,
Жасқанбай, еркін жер басам.
Жарығын тегін төгер күн,
Төбемнен менің әрқашан.

Толық

Қарап көріңіз