Өлең, жыр, ақындар

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 254
Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.
Салайық сезімге емес, санамызға,
Сен жігіт, мен ұқсамай бала қызға.
Ұқсайық сабырменен жеңген бәрін
Кешегі әкеміз бен анамызға.
Болғандай шөлдегенге сусын жырың,
Айналаң тыныш емес, у-шу бүгін.
Мына жұрт маған қалай қарайды деп,
Бұқпалап жалтақтаған құрсын күнің.
Алдымнан жанғандай бір алау жарық,
Оғынан жанарлардың аман қалып.
Ішімде тұншықтырып өшіремін
Айтатын сырларымды саған барып.
Көрмеппін қабақ бағып, жанар бағып,
Жан-жүрек жараланған сан алданып.
Бәріне өзге жұрттың кең дүние
Тарылып кетеді екен маған неғып?
Бұлдырап, шомылып тұр мұнарға бақ,
Алданған өмірді енді кім алдамақ.
От шашар жолға қалай жалғыз жүрек
Құс қайтіп ұша алады сыңар қанат?
Шыңдағы көрінуші ең мықты емендей,
Тіршілік жүгін барлық жүктегендей.
Мәз болдың ақ сарайға енгеніңе,
Ішінен түкті де алып, түк те бермей.
Көзімнен көздеріңнің нұры өшпеген,
Шөп-шалам шалғайыңа ілеспеген.
Жігітті түсінбеймін жігіт деп мен
Өзінің бақыты үшін күреспеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытыппын...

  • 0
  • 0

Ұмытыппын...
Бәрі-бәрі өзгерген,
Өзіме жат көрінеді өз кеудем.
Жан-жағыма жаутаңдап бір қараймын,

Толық

Жас кезімде мен де ғашық болғанмын

  • 0
  • 0

Жас кезімде мен де ғашық болғанмын,
Сүйген жанға жырымды іштей арнадым.
Биіктерге көңілім кетіп көз жетпес,
Арман болып атты қанша таңдарым.

Толық

Ана қайың

  • 0
  • 0

Соққан желге жұлмалап, күйініп тұр,
Көкірегіне көз жасы құйылып бір.
Сынып түскен ақ қайың сабағына
Тіл қата алмай, дәрменсіз иіліп тұр.

Толық

Қарап көріңіз