Өлең, жыр, ақындар

Сағынышым сарғайған жат бағында

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 241
Сағынышым сарғайған жат бағында,
Орануда бұл жаным от-жалынға.
Тым-тырыссың, әлде әлі көкірегіңнен
Бір жылылық сен маған таппадың ба?
Жаралған ем жанып тек сүюге мен,
(Не біледі сезбеген, күйінбеген?)
Қызық үшін қызып бір қыз алдында
Өр басыңды сыйлаймын иілмеген.
Жан бағымды бір дауыл осты менің,
Күткем сенен жанашыр, дос тілегін.
Сезе тұрып, түкті де сезбегенсіп,
Ести тұрып, даусымды естімедің...
Сағыныштан сарғайған айықпадым,
Жұртқа жырым жіберді жайып бәрін.
Сүйе тұрып, сүйікті бола алмаған
Мен өзімді сен үшін айыптадым.
Жыры бөлек, білемін, бұл тыныстың,
Күшін көрсен, іштегі бұлқыныстың.
Бір жылылық кеудеңнен маған деген
Таппадың ба, үнсізсің, тым-тырыссың!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нәресте күлкісі

  • 0
  • 0

Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Туған Отан, сарқылмайтын сен жырым,
Шабыт берді, шалқар, шетсіз кеңдігің.
Кеудемдегі саған деген жалынды,
Жеткізе алмай жүргендеймін мен бүгін.

Толық

Түні бойы қорқынышты түс көрем

  • 0
  • 0

Түні бойы қорқынышты түс көрем,
Өксіп жылап қиналамын тістенем.
Ұмытуға тырысамын оянсам,
Күндіз күткен күйбеңі көп іспенен.

Толық

Қарап көріңіз