Өлең, жыр, ақындар

Кереңдік

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 302
Естуімше ел оны «есті» дейді,
Ескермеген, есірік, еш дүлейді.
Сыбырлағын, мейлің сен, айқайлағын,
Құлағы оның ештеңе естімейді...
Еріккеннің көнбейтін ермегіне,
Еш алаңсыз отыр ол, төрде, міне.
Өзгеге ұқсап, сенбейді ол естігенге,
Сенеді тек, көзімен көргеніне...
Топырақтан көреді тал өскенін,
Тал басынан естімей ән ескенін.
Сөзбен жүрген осынау дүниеге,
Көзіменен қарайды нәрестенің.
Күн ағысын қабылдап сыртыменен,
Көңілімен, көзіне мұң түнеген.
Бұлт пен бұлттың көрсе де соғысқанын,
Аспан даусын естімес күркіреген...
Ізсіз-түзсіз барады жылжып ағын,
Сол ағыспен келеді бір жылағың.
«Өлтіремін» – десең де ол естімейді,
Естімейді Күләштай бұбұл әнін.
Дыбыстардың еткен соң құрбан бәрін,
Ақтарылып айта алар кімге арманын?
Әлемдегі естуден тұратұғын,
Ғажайыптан сезбейді құр қалғанын.
Кереңдіктен жоқ шығар ешкім өлген,
Көрместер бар, түйені ешкі көрген.
Көзі тұрып, қорлық жоқ көрмегеннен,
Ести тұрып, қорлық жоқ естімеуден...
Үн теңізден үстімді тасқын көміп,
Көп қызықтан бұл күнде қаштым, жеріп.
Естімейтін мен керең дүниенің –
Айқайлаймын, құлағын ашқым келіп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астанаға

  • 0
  • 0

Ерліктің ел қолдаған бастамасы,
Алдыңда асатын бел, асқар асу.
Төсінен Сары арқаның бой көтерген,
Астана Қазақстан бас қаласы.

Толық

Алды, ақыры аңдып көптен

  • 0
  • 0

Алды, ақыры аңдып көптен,
Қара жерге жан салды жыр.
Көзін ашып қалғып кеткен,
Ақын жүрегі раушан-ғұмыр.

Толық

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен

  • 0
  • 0

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен,
Бетпе бет келген аяр енді өмірмен?
Қарағым маған аңдып қарамағын,
Жер басқан қатардағы пендемін мен.

Толық

Қарап көріңіз