Өлең, жыр, ақындар

Мен адамзат пендесінен түңілдім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Мен адамзат пендесінен түңілдім,
(Жан айнасы, жанарына үңілдім)
Қарасынан жылу таппай, сәулесіз –
Қап-қараңғы бір бұрышқа тығылдым.
Ұмыттым мен, аспан барын, тау барын,
Тауға барып, келсе де бір аунағым.
Бұғып, сырттан үнсіз оғын атқылар,
Көздеріме көрінбейтін жауларым.
Ой домбыра, қос ішегін бос бұрап,
“Алаштардан” ала алмадым дос құрап.
Тырсылдайды, от жаңбырдың астында,
Жанарымнан жас емес бір тас құлап.
Қорқыныштан тілім қалды байланып,
Пендедегі қандай жаман, майдалық.
Теңселемін, от жаңбырдың астында,
Төрткүл дүние, төрт бұрышқа айналып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыттың өте берсін ай, аптасы

  • 0
  • 0

Уақыттың өте берсін ай, аптасы,
Өмірдің біз емеспіз аяқ, басы.
Алаңсыз күлімсіреп шалықтаған,
Сәбиді ұйқыдағы оятпашы.

Толық

Ана туралы баллада

  • 0
  • 0

Ана жүрек айналса ұлы тұлғаға,
Ана ішінде болар кейде түрлі ана.
Екі абысын тату өмір сүріпті,
Ортасында болған екен бір бала...

Толық

Жібек жел ем, айналдырдың дауылға

  • 0
  • 0

Жібек жел ем, айналдырдың дауылға,
Ұшқын едім, шарпыдың сен жалынға.
Енді қайттім, маза берер еес түк,
Бір от бұлақ ағып жатқан жанымда.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар