Өлең, жыр, ақындар

Қайрау

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2072
Жетті енді!
Дүр сілкінер келді кезім,
Сенімнің сілтейінші жез күрегін.
Біреуден тілеп жүріп от алам ба,
Тұрғанда өз кеудемде өз жүрегім..
Жылғадай жылт-жылт етіп, зордан аққан,
Қашанғы жүремін мен қорғалақтап.
Сайрап бір, шарықтап бір кетер шақта,
Бұлбұлдай күмілжідім торда баққан.
Ырзамын мына нұрлы заманға да,
Ырзамын сөз түсінер адамға да.
Ұлы Абай өкінішпен кетті өтіп,
Ақылын тыңдата алмай надандарға.
Қайда да көрген жоқпын салқын қабақ,
Аға-іні қарсы алады жарқылдап-ақ.
Мен енді жіберейін аттың басын,
Жырымды отырғанда халық қалап!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыртым бүтін...

  • 0
  • 0

Сыртым бүтін, ішім түтін адаммын,
Қайтесіңдер бетін тырнап жарамның.
Менің шашым бір-ақ күнде ағарды,
Қайғысынан қыршын кеткен баламның.

Толық

Бұлбұл

  • 0
  • 0

Пернесін күйсандықтың басып қалып,
Өлең - сел төгіледі, тасып барып.
Жыр буған жас жүрегім лүпілдесе,
Кетеді жолдар мені қашыққа алып.

Толық

Ақан сері

  • 0
  • 0

Өнерліге кіретұғын есік кең,
Құр қалмайды ол құрметтен де, несіптен.
Бұлбұлы болып жүру үшін халқының,
Ақан сері кетіп қалды мешіттен.

Толық

Қарап көріңіз