Өлең, жыр, ақындар

Ат дұр ердің жолдасы

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3046
Ат дұр ердің жолдасы,
Ұл дұр дәулеттің басы.
Қыз һам болса көңіл хошы
Зұрият керек дұр жігітке.
Ат дұр ердің қорғаны,
Мінсе бітер арманы.
Естен салмағыл алланы,
Кешкенің керек дұр жігітке.
Ат дұр ердің қанаты,
Сөзімнің жоқ дұр ғалаты.
Малсыз болмас һеш қуаты,
Саясатлы мәрт жігітке.
Ат дұр ердің сәулеті,
Болса серік дәулеті.
Артар көңіл һәммәті
Тәңірісі берген жігітке.
Ат дұр ерге лайық,
Көре алмай күндер халайық.
Жаратпай мұрнын жиырар,
Берекелі істерді.
Айтса-дағы тынарлық
Еңбегі зайғы жігітке.
Ер серігі ат болар,
Мінсе көңілі шат болар.
Жоқтығына қарамай
Кейбір көкжал мәрт болар.
Шілтеле дұшпан сөз айтса,
Лайық көрмей істерін
Қапалықпен дерт болар.
Бір алла өзің жеткіз деп,
Бермек, алмақ шарт болар,
Бір түрлі сахи жігітке.
Атсыз һеш ер жүре алмас,
Наз бедеуді майданда
Жалпы жігіт міне алмас.
Қанат, құйрық сүйеніш
Ағайын, дос-жар көп
болса,
Маңына дұшпан келе алмас.
Өзінің теңі болмаса,
Алтыннан құрған тұғырға
Сауысқан, қарға қона алмас.
Ұқсағанмен сипаты
Мінез-құлық істері
Муафық болып келе алмас.
Бағзы адамның қалыбы
Күншілік етіп көре алмай,
Жақсы атақ бере алмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қатын үш түрлі

  • 0
  • 1

Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын.
Нағыз қатын, сол қатын -
Һәр нәрсені ойлаумен қатын.

Толық

Жан сәулем

  • 0
  • 0

Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер,
Жүйрік ат өрге салсаң өршеленер.
Барында қызылыңның күл де ойна,
Шамшырақ мың күн жанған бір күн сөнер.

Толық

Бірінші назым

  • 0
  • 0

Жаһилдер ғалым сөзін тыңдамаған,
Шарғиға мықтап белін байламаған.
Хайуандар есебінде көрінеді,
Аслына назар салып аңдамаған.

Толық

Қарап көріңіз