Өлең, жыр, ақындар

Бар менің бір жүрегім, бір-ақ тілім

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 527
Бар менің бір жүрегім, бір-ақ тілім,
Тілімді кімнен алам, сұрап бүгін?
Үйренгем оны анамның құрсағында,
Сол үшін өзгермеймін, тұрақтымын.
Болғанда көзім екеу, жалғыз басым,
Қалайша, жалғыз басқа қан қызбасын.
Құйрығын тілі айырлар бұлғаңдатып,
Түлкідей ізін жауып, андыздасын.
Көгімнен өшіре алмас күнімді олар,
Өмірім күн астында сұлуланар.
Тіл менен тіршілігім, қаным, жаным –
Жанымнан айрылсам да, тілім қалар.
Тілімен сан түрленіп, сөз құбылар,
Мен үшін алыс әлі кез тынығар.
Сайраған таң алдында бұбұл түгіл,
Тыңдасаң... бақаның да өз тілі бар...
Бәрінің өз тілі бар, кімді көрем,
Домбыра көкірегім күмбір өлең.
Судағы желбезекті балықтың да,
Гүлдің де, өз тілі бар үлбіреген...
Тілім жоқ болса, менің тірі өлгенім,
Тірі өліп, төрт бұрышқа тірелгенім.
Далам да, Отаным да біреу , менің.
Анам да, ақ сүт берген біреу, менің.
Көгімнен құрсауланбай күнім шықсын,
Дүниеде тілімдей жоқ, сұлулық, шын.
Маған дос болам деген, бұл адамдар,
Алдымен, өзімді емес, тілімді ұқсын.
Жыр емес... ана сүт қой жыр дегенің,
Жыр сүт қой... онсыз басқа түрге енемін.
Мен ақын емеспін, дос, тілім ақын,
Тіліммен өмір сүріп, Күн көремін.
Күн көрмей, тілім өлсе, бірге өлемін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан сырласым...

  • 0
  • 0

Сырды жүрген жасырып,
Шертсем, жылар тас ұғып.
Даусым жетпес алысқ-а-а-а
Елегізем... асығып.

Толық

Күн тұрғанда басымда

  • 0
  • 0

Күн тұрғанда басымда,
Күн қадірін білмеппін.
Дос тұрғанда қасымда,
Дос қадірін білмеппін.

Толық

Жел болып маңдайымнан неге еспедің

  • 0
  • 0

Жел болып маңдайымнан неге еспедің,
Неге еспедің, айналды елеске мұң.
Көздерім суретіңе жиек болып,
Ұзақ түн ұйқым келер емес менің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар