Өлең, жыр, ақындар

Не деймін...

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 294
Не деймін...
қалай саған жеткіземін,
Бір кезде асау, ерке өрт қыз едім.
Есейдім, енді бүгін сол уақыттың –
Елесін көз алдымнан өткіземін...
Қонғандай шаршап-талып ұяға күн,
Қызарып өз-өзімнен ұяламын.
Жеткенше саған қанша адастым мен,
Тежемей сезім әнін, қиял әнін.
Ұмыттым ғашықтың бар салтын бүгін,
Жас жүрек алақанға талпынды бір.
Гүлқұмар көбелектей, маған сонда
Ой салған биікке тән салқындығың.
Сені ойлап отым жоқта от аламын,
Сілкісін, мейлі, мені қатал ағын.
Алдыңда жыламадым, ауырсынып,
Тағдырдың жесем де көп шапалағын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылатып өмір жұбатар

  • 0
  • 0

Жылатып өмір жұбатар,
Келіс, мейлің, келіспе.
Тірінің бәрі күнәһар,
Өлгеннің бәрі періште...

Толық

Өткен күнің есіңе түсе ме шын

  • 0
  • 0

Өткен күнің есіңе түсе ме шын,
Таныс емес, көзіме түс, елесің.
Қайда барсам, жарбиып қарсы алдымда,
Күшігендей ісініп, күшенесің.

Толық

Ойлар мені мазалайды күні-түн

  • 0
  • 0

Ойлар мені мазалайды күні-түн,
Үнсіз дүние, күтетіндей бір үкім.
Тас-түнекте қайтіп өмір сүрер ем,
Сөнсе көктен, сөнген жұлдыз үмітім.

Толық

Қарап көріңіз