Өлең, жыр, ақындар

Өлмегендер

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 227
Өлмегендер –
Тірі кетіп, үйіне келмегендер.
Отан үшін өмірін көктей қиып,
Сүйем жерін жауына бермегендер,
Тірілердің тірлігін тербегендер!
Өлмегендер –
Қош айтысып, еліне келмегендер,
Есерлерге ерлікті түсіндіріп,
Үстемдік пен қорлыққа көнбегендер,
Осы болар аты аңыз ер дегендер.
Келмегендер –
Жер астына есімін көмбегендер.
Желбіретіп көгіне Жеңіс туын,
Таза ауаға бір жұтым шөлдегендер.
Жүректерден орын ап, өлмегендер.
Дауылды сын
Халық үшін көтердің ауырды шын.
Қарыздармын сендерге, әз ағалар,
Таңым үшін, бұл бейбіт таңым үшін.
Ерлік толы өмірдің әнімісің!..
Өлмегендер –
Қош айтысып, қайтадан келмегендер.
Жалынды жүректерден от боп жанып,
От боп жанып, мәңгілік сөнбегендер.
Тірілердің тірлігін тербегендер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл таңның бүлкілдеп

  • 0
  • 0

Бұлбұл таңның бүлкілдеп,
Үні оянып келеді.
Көкжиектің біртіндеп,
Күн оянып келеді.

Толық

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

  • 0
  • 0

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.

Толық

Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем

  • 0
  • 0

Туды міне, жаңа күн, жаңа көктем,
Көңілімді күндіз-түн алаң еткен.
Сұғанақ қол, дауылдан, нажағайдан,
Аман ба екен, ағаштар анам еккен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар