Өлең, жыр, ақындар

Көзді жұмсам…

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Көзді жұмсам…
Келеді ылғи өз бейнең.
Күрсінемін сағынышқа төзбей мен.
Күшім жетсе серпілер ем, сергір ем,
Өзге күнмен, өзге бақпен, өзге оймен…
Ойға батам оңашада не терең,
Арман жүгін жүрегіммен көтерем.
Сен болмасаң, дүниеде жылусыз
Бетім ауған жаққа қаңғып кетер ем.
Аузы бармас өзімді-өзім сау деуге,
Оған куә, мұңдас түн мен таң жеңге.
Сен болмасаң жыр дейтұғын жыр да жоқ,
Сұлулықтың сұры қашар әудемде…
Уақыт, әні, келеді алға сырғытып,
Қонақтатып, кейде құстай үркітіп.
Сен болмасаң ғашық бола білмес ем,
Атар таң мен болашақтан сыр күтіп.
Көзді жұмсам… елестейсің сен келіп,
Өшірмепті өткен ізді жел көміп.
Ойға батқан бір Алатау сен болсаң,
Құшағыңа енемін мен жол болып…
Келер күндер кеудеме еніп жырлайды,
Өткен күндер, сабырымды ұрлайды.
Ыстық сезім, ынтық сезім осынау,
Бір қараған көздеріңе тұрмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған елім

  • 0
  • 0

Тауыса алмадым, сағат дауысын санап түк,
Уақытты өткен санап жату ағаттық.
Мен өзіңе сапар шектім, туған жер,
Жүрегіме сағынышымды қанат ғып.

Толық

Уақыт дария, тасып, тұнады

  • 0
  • 0

Уақыт дария, тасып, тұнады,
Өртеніп, іштен ғашық тынады.
Арман-ау,
Саған асықпаймын десем,

Толық

Қайрау жыры

  • 0
  • 0

Қаламыңды қолыңа ал, бол, тұр, ақын,
Шағың сенің қырандай шарқ ұратын.
Қиялыңа қанат боп қозғау салар
Ыстық сезім, бойдағы салқын ақыл...

Толық

Қарап көріңіз