Өлең, жыр, ақындар

Көңілдің орындалмай көп тілегі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 300
Көңілдің орындалмай көп тілегі,
Кеудемді құлын жүрек тепкіледі.
Бейғам ем, бетпе-бет кеп ойда жоқта,
Көзіңнің найзағайы соқты мені!..
Білмеймін мен бе, сен бе, кім кінәлі,
Тартпайды бұрынғыдай бұлбұл әні.
Шағылған сезімімнің әйнектерін
Өзіңсіз құрай алмай жүрмін әлі.
Көзіме дөңгелетіп бар әлемді,
Өткір бір көкірегіме алау енді.
Көзіңнің сол қарасы, қуғыншыдай
Тыншымды қайда барсам ала берді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздай қара түнді жарып жансам

  • 0
  • 0

Жұлдыздай қара түнді жарып жансам,
Ақылдың қуатымен қарулансам.
Тізеңе отырғызып сүйгеніңде,
Дертіне жүрегіңнің дару болсам.

Толық

Жүрек – бұлбұл болғанда, халқым – орман

  • 0
  • 0

Жүрек – бұлбұл болғанда, халқым – орман,
Шам жағады жолыма жарқын арман.
Ұшып-қонып сайраймын бұтағында,
Айтар әнін мен емес сарқып алған.

Толық

Сәби-қар

  • 0
  • 0

Қар жауып тұр, қарашы, қар жауып тұр,
Ақ қанатты аспаннан ар жауып тұр.
Көкпен жердің арасы ақпандағы,
Тазалықпен тұрғандай жалғанып бір.

Толық

Қарап көріңіз