Өлең, жыр, ақындар

Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 274
Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған,
Үлгермейтін секілді шалқып отым маздаған.
Үлгермейтін секілді бір бақытым оралып,
Кетем бе алып өзіммен жырларымды жазбаған...
Кетем бе алып, сезімге қара бұлты жаумаған,
Кетем бе алып, көзіме сағым белді аунаған.
Қайран уақыт, қайтейін қарғып бастан барасың,
Қызуымды қызыма беріп менен аумаған...
Кетем бе алып, кеудеме таңғы күннің шуағын,
Өшіремін мен неге өмірімнің шырағын.
Қайта келем жарыққа жаным, қызым, өзің боп,
Қайтадан мен жарыққа өзің болып туамын.
Қайта келем өмірге, кеудеме алып жаңа үміт,
Жаратылыс заңынан, қалар сонда жаңылып.
Айтыңдаршы достарым, бір ән салмай ортаңда
Қалай жатам тып-тыныш бір төбені жамылып...
Бір басымда бір өмір тұрғанда өтем үлгеріп,
Арды сатып пендеге жүргемін жоқ күн көріп.
Жатсам-дағы осынау туған жердің қырында,
Бір арманым жайқалар, орынымда гүл болып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн бойы ысып-өртенем

  • 0
  • 0

Түн бойы ысып-өртенем,
Таппадым соның бір емін.
Оянсам таңда ертемен,
Тұрады ауырып жүрегім.

Толық

Сағанда мен жақпадым

  • 0
  • 0

Сағанда мен жақпадым,
Оған да мен жақпадым.
“Сары белден сарғайып” –
Кеш боп атты ақ таңым...

Толық

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек

  • 0
  • 0

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек,
Айдарымнан бақытымның жел еспек.
Мен өзіңді есіме алсам, құс жолы
Көз алдыма тұрады ылғи елестеп.

Толық

Қарап көріңіз