Өлең, жыр, ақындар

Госпитальда

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Жатырмын үнсіз, кең бөлме,
Ерекше бойға күш тарап.
Тағдырға адам көнген бе,
Өмірге бәрі құштар-ақ!
Мұңы бір осынау достармен,
Атуда үміт таңдарым.
Әнеки, біреу қос қолмен,
Тірейді жерге балдағын.
Сәуленің көзі терезем,
Сәулеге тосам бетімді.
Арманнан ағып көл, өзен,
Қанаты ойдың жетілді.
Аңсаймын кімді, білмеймін,
Қараймын сыртқа тағатсыз.
Кірпікті кейде ілмеймін,
Ұшайын қайда, қанатсыз...
Өмірдің жанға күйін ап,
Серпілтіп ойды, денені.
Балдақтың бәрін жиып ап,
Отқа өртегім келеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерте тұрып, ашық алаң, көшені

  • 0
  • 0

Ерте тұрып, ашық алаң, көшені,
Түскен жапырақ, темекінің қалдығын,
Әдетімен егде кісі кешегі
Сыпырып жүр, түк қалдырмай барлығын.

Толық

Көкжиекке күн батты байып қарап

  • 0
  • 0

Көкжиекке күн батты байып қарап,
Алтын шашын аспанға шайып тарап.
Гүл көбелек ұша алмай жолда жатыр,
Жапырақтай дәрменсіз жайып қанат...

Толық

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді

  • 0
  • 0

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді,
Гүлім ерте көзін ашып, ерте өнді.
Бүршіктеген бір үмітім ақталмай,
Ішім менің өртенді ғой, өртенді...

Толық

Қарап көріңіз