Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұлға

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 294
Қайда сол, сол баяғы бұлбұл үнің,
Төкші, кел, тоқтап қалмай толқындарын.
Арманда өте шығар бұл бір күнің,
Ортасы болса көңіл, толтыр бәрін.
Салшы сол, сол баяғы әнге мұңды,
Даусыңа шөлдеп кетті жаным мынау.
Білемін, бақтағы таң дәуреніңді,
Сен мені сағынғандай сағындың-ау!..
Бар маңай құлағын сап, тұрсын тынып,
Кеудемнің жарқырасын күншығысы.
Кәне, кәне сайрашы, бір сілкініп,
Мәңгілік махаббаттың жыршы құсы!
Қайда сол, сол баяғы бұлбұл үнің,
Қалмасын жастық шақтың суып бағы.
Армансыз өте шықсын,бұл бір күнім,
Жіберші, көңіл кірін жуып тағы!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келеді күн, кетеді күн шектелмей

  • 0
  • 0

Келеді күн, кетеді күн шектелмей,
Келер күнге кеткен күнім өткелдей.
Туып тағы тербеп жатыр, жер-ана,
Нәрестесін кінәсіз жас көктемдей!

Толық

Сағынбаймын бұрынғыдай елеңдеп

  • 0
  • 0

Сағынбаймын бұрынғыдай елеңдеп,
Сауықтырмас өлең енді мені емдеп.
Жол үстінде жарығым бар көрем деп,
Адасыппын сол жарыққа сенем деп.

Толық

Балам әскерге кетерде

  • 0
  • 0

Ер жігіт өсіреді жапанға гүл,
Ойлайтын кезің келді Отан қамын.
Парызын өтеу үшін туған елдің,
Барасың, балам, күткен сапарға бұл.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар