Өлең, жыр, ақындар

Асыл өмір

Асыл өмір. Ғасыр өмір.
Мен өзіңе ғашықпын,
Бақтың беріп бұйыртқанын,
Несібемді тасыттың.
Демеп тұрып шыңға өрлетіп,
Бірден құзға құлаттың.
Бірде күндей күлімдетіп
Бірде оңдыртпай жылаттың.

Асыл өмір. Ғасыр өмір
Мен өзіңе ғашықпын.
Кейде жанды жадыратып,
Кейде ұялтып жасыттың.
Тоңдырса да суық күздер,
Қарсы ағысқа жүзбедім.
Өмір - дауыл арасынан
Жылы жерін іздедім.

Байлық беріп, бақыт бермей,
Біреулерді сынадың.
Бақыт беріп біреулерге,
Денсаулығын сұрадың.
Сонда дағы адам ынтық,
Осы өмірді сүруге,
Таңнан тілеп тəтті ғұмыр,
ДАЙЫН ЖЫЛАП, КҮЛУГЕ.
А. Алиева.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешіре біл.

  • 0
  • 0

Кешіре біл, жақыныңды, жарыңды,
Сатқындықты, жауратса да жаныңды.
Өткеніңе өкінбеші өйткені,
Пешенеңе бұйырғаны жазылды.

Толық

Өмір. Өлшем. Өлең

  • 0
  • 0

"Секундқа" озық ой сияды,
Ұшқыр ғой адамның қиялы.
Сынақтай сыбаса секундтар,
"Қас - қағым" өмірді қияды.

Толық

Сосын

  • 0
  • 0

Сосын, айтармын...
Сосын, барармын...
Сосын, сыйлармын сол гүліңді.
Сосын, емделем...

Толық

Қарап көріңіз