Өлең, жыр, ақындар

«Әділдік арнасы» пәлсапалық өлең

«Әділдік арнасы» пәлсапалық өлең

Әрі кеткен әділдікке, Жабықтым...
Бұғауынан шыға алам ба қалыптың?
Кейде аспанға айқайлағым келеді
Санамдағы сансыз ойлар!
Шаршатады, себебі.
Тәтті қиял! Асқақ арман!
Тізбегіне тіршіліктің сынатпай,
Өткеліне өмірімнің құлатпай,
Құс қанаты демегендей денемді,
Биіктерге ұмтылдырып самғаттың....
Ал, ақиқат! жаның - мұң
Айқайласаң - түсінер ек,
Трагедиясын - жаныңның.
Аузы мұрны тұмшаланған мүгедек...
Тасқа біткен раушан қалай гүлдемек.
Шындық – семсер,
Ақиқат - мұз, Жылыны іздемейді.
Жазықсыздың зауалын күз демейді.
Құмырсқадай тырмысқан жәндіктерді,
Қара дауыл бір пәсте ұшырады.
Ал билік! Бұл күш!
Байлыққа да көп адам қызығады,
Арнасы әділдіктің теріс ақса!
Бағыты арықтардың, бұзылады...
#Жүректегіжазбалар Алтынай Алиева



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркекті қатын бақпасын

  • 0
  • 0

Өзінің жаққан ошағын,
Медет қып, әйел сақтасын.
Тәңірдің қосқан қосағын,
Бақытқа балап, жақтасын.

Толық

Таңнан тарту

  • 0
  • 0

Бұйыртпаса қалауыңды, налыма
Басқа нəсіп жазылған ғой бағыңа.
Жүрегіңді тазалап жат əр түні
ТАҢНАН ТАРТУ АЛУ ҮШІН ТАҒЫ ДА.

Толық

Сосын

  • 0
  • 0

Сосын, айтармын...
Сосын, барармын...
Сосын, сыйлармын сол гүліңді.
Сосын, емделем...

Толық

Қарап көріңіз