Өлең, жыр, ақындар

Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5552
Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Сені айтса жанарымда күлкі ойнаған,
Көңілі орта болса шырқай ма адам?
Жағаңда өскен кезде жай өзен ең,
Бұл күнде сені көру бір той маған.
Ағысың айдынындай ой-кеменің,
Жағанда жазылды алғаш ойлы өлеңім.
Жүздесу өзіңменен той дедім-ау,
Тірлікте көп те болмас той дегенің.
Сырлы әнін сан ғасырдың жиған ағын,
Жағанда туғандарға сыйла дарын.
Келерде жас балаша қуанам да,
Кетерде қимастықпен қиналамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айнам қалды

  • 0
  • 0

Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.

Толық

Алуаш

  • 0
  • 0

Даусына Мұхиттың ел тамсануда,
Жас-кәрі қошеметпен қарсы алуда.
Бір болыс құдаласқан қонақтыққа
Серіні шақырыпты ән салуға.

Толық

Ерлікті көзбен көрген күн

  • 0
  • 0

Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан-кестен, ойда жоқта,
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

Толық

Қарап көріңіз