Өлең, жыр, ақындар

Айыптымын

Айыбымның ешбірін ұмытпадым,
Соны ойлап отырмын құрып халім.
Жүрмегесін мән-жайдың ұғып мәнін,
Лайладым талай көңіл тұнықтарын.

Мінезіне зәрумін байыптының,
Адалдықпен өз рухын байытты кім?
Даттасаңда мен оған лайықтымын,
Алдарыңда білемін – айыптымын!

Шығарда қатты жаптым есігіңді,
Бірақ мұны жүрегім кеш ұғынды.
Титтей саған тигізсем кесірімді,
Мен алдыңда сұраймын кешірімді.

Жауап қашан табамын сұраққа сан,
Бір жерге қанат жайып тұрақтасам.
Кінәлімін, қоғамнан жырақтасам,
Жылағанда мен сені жұбатпасам.

Суып қалған жүректі жылытпадым,
Жинамай сынған көңіл сынықтарын.
Айыбымның ешбірін ұмытпадым,
Торға апарып өзімді құрықтадым.

Айыпты боп қалай өмір сүрермін,
Өзгелерді ренжітетін кім едім?
Бір сөзіме бұзылса егер реңің,
Оғанда мен айыптымын, білемін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лнайея

  • 0
  • 0

Соңғы кезде болмай жүрмін көңілді,
Сені ойлап көздің жасы төгілді.
Менің жазған әрбір сөзім өмірлі.
Тұрғанда мен әзірге жер басып,

Толық

Тілек

  • 1
  • 0

Болашақты ойласам, қамығамын,
Өткен күнді толғасам, сағынамын.
Жалғыз ғана Алладан пана тілеп,
Жалғыз ғана Аллаға табынамын.

Толық

Аңсау

  • 0
  • 0

Дидарың секілді гүл-көктем,
Ішіне ғажайып сыр бүккен.
Сағынам оралмас сәттерді,
Өзіңмен аяулым бірге өткен.

Толық

Қарап көріңіз