Өлең, жыр, ақындар

Әз көктем, аяулымсың армандаған

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Әз көктем, аяулымсың армандаған,
Мен сені іздеп жүрдім бар ғаламнан.
Жабықсам, сенсің мені құтқаратын
Көк жүзін көлеңке бұлт торлағаннан.
Қырмызы қызғылт бақты нұр басқанда,
Тыраулап алыс жаққа тырна ұшқанда,
Гүл алып сені тостым келер ме деп,
Бақтарда қыз бен жігіт сырласқанда.
Көкем-ау, көрінбедің көптен бері,
Ақ жаңбыр қайтып келсе көктен кері.
Сұрадым, мекеніңді айтпай қойды,
Желбіреп Сарыарқаның жеткен желі.
Сен қайда жүрдің, көктем, біле алмадым,
Екеуміз толқыны едік бір арнаның.
Желбіреп желмен бірге жетер ме деп,
Жабықтым, жүрегімнен жыр арнадым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иірім тапты иректері арнаның

  • 0
  • 0

Иірім тапты иректері арнаның,
Арналарға ағыс табу – арманым.
Тұмандарда тау ішінде адаспа,
Топтан озған, темір тұяқ тарланым!

Толық

Жаңбыр нұр құйды

  • 0
  • 0

Жаңбыр нұр құйды,
Жүрек жыр құйды.
Маңдай тұсымда
Сәуле сырғиды.

Толық

Сынаптай сырғанаған заманада

  • 0
  • 0

Сынаптай сырғанаған заманада,
Сарғайып шам жанады бағанада.
Найзағай ақ семсерін сілтеп жатыр,
Келтірмей тәубаға да, тобаға да.

Толық

Қарап көріңіз