Өлең, жыр, ақындар

Бұлаң етіп бұлдырап бұлақ өткен

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 403
Бұлаң етіп бұлдырап бұлақ өткен,
Үмітімнің жанады шырағы еппен.
Жасыл манат жамылған жер бетінде
Неге мәңгі қалмайды мына көктем?
Көктем неге мәңгілік болмайды екен?
Сағынышым ылғи хат жолдайды екен.
Бүгін өмір тартады бауырына,
Ертең көрсең, қабағы сондай бөтен.
Үлбірейді үзіліп үміт таңы,
Қоймаларын ашады құлыптағы.
Қуануға ұмтылды көңіл шіркін,
Тірлік жалған екенін ұмытпады.
Жапырақтар малынды жасыл нұрға,
Көтереді қызғалдақ басын қырда.
Қалғымаған сенімі қайран ғұмыр,
Тексіздікке кеудеңді басындырма.
Қайран ғұмыр үміті қалғымаған,
Қарайлаумен тағы да қалды маған.
Әлди күткен әлемді тербетем деп,
Жұбатамын, ән салып, алдыма алам.
Жүрегімді жаңғыртып үн кернеген,
Саз іздеймін сызылтып бір пернеден.
Көк аспанға шалқайсам, шоқ жұлдыздар
Үйлесімін тауыпты үркерменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды

  • 0
  • 0

Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды,
Айым қалды, аспанда күнім қалды.
Жапырақтар желге ұшып, тал қартайды,
Сұрамай-ақ қойыңыз бүгін халді.

Толық

Жылдар жұлдыздай ағады

  • 0
  • 0

Жылдар жұлдыздай ағады,
Күндер қоңырау қағады.
Бақбақ ұшады бақтарда,
Көзден ыстық жас тамады.

Толық

Жылымық

  • 0
  • 0

Күн дегенің күн де емес, жылтыраған бір шырақ,
Бауырымен жорғалап, әрең жетті күншуақ.
Тасасында таулардың созылып бір жатты да,
Көлеңкелер етегі жиылмады бір шұбап.

Толық

Қарап көріңіз