Өлең, жыр, ақындар

Күндерім менің, қатты да қатты қиналған

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 520
Күндерім менің, қатты да қатты қиналған,
Қиналған шақта келеді ойға қилы арман.
Сапарға шықсам, әйнегін көк тал көмкеріп,
Артымда менің ұядай жарық үй қалған.
Айта алмай қойып, шығарып сыртқа «әттеңін»,
Бос кеуде жанға ренжіген бекер сәттерім.
Күлімдеп келген күндерім енді сүртер ме,
Шашасы шалқып шашылып келген ат терін?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алыстарға апар мені, ақ үміт

  • 0
  • 0

Алыстарға апар мені, ақ үміт,
Сыңар бұлттың қанатына таңылып.
Шашын жайып қара түндер келгенде,
Жалғыздықтың жырын жаздым жабығып.

Толық

Әз көктем, аяулымсың армандаған

  • 0
  • 0

Әз көктем, аяулымсың армандаған,
Мен сені іздеп жүрдім бар ғаламнан.
Жабықсам, сенсің мені құтқаратын
Көк жүзін көлеңке бұлт торлағаннан.

Толық

Аппақ күн шуақ шашып ана беттен

  • 0
  • 0

Аппақ күн шуақ шашып ана беттен,
Жайдары күн келеді жаңа леппен.
Жазира жайлауымның кең төсінде
Құлдырап жүгіреді бала көктем.

Толық

Қарап көріңіз