Өлең, жыр, ақындар

Тізбегі құстың ғажап ұшқанда

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 404
Тізбегі құстың ғажап ұшқанда,
Жетеді сыңсып сазы алыстан да.
Көмкеріп бидай кең дала төсін,
Қараша келді Қазақстанға.
Қараша келді, қараша келді,
Сары түк басты аласа белді.
Қозы-лақ тойып, секіріп көкке,
Енесін еміп таласа берді.
Алтын түске еніп қарады аймақ,
Бұрқылдап сыртта самауыр қайнап.
Симфония айтты оркестр тілі,
Серпіліп қала, дала бір жайнап.
Қызықпен жүрміз келте етіп түнді,
Елең қылмастан кем-кетік мұңды.
Сырнай сазына үн қосып едім,
Қамыстың басы селт етіп тынды.
Көз жасын жаңбыр төксе түлеген,
Құшағын жайды көкшатыр емен.
Жапырақ ұшты, құс ғайып болды,
Осынау байтақ Қазақстанда
Қараша ғана өкше тіреген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып

  • 0
  • 0

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып,
Сан соққанда жақсы адамды кеш танып,
Өң мен түстің арасында бір өмір
Өтіп жатыр ұйқылы-ояу есті алып.

Толық

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа

  • 0
  • 0

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа,
Тіреледі тағдырың тығырыққа.
Замандастың маңынан сая іздейсің,
Өкінішің жұмылып жұдырыққа.

Толық

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам

  • 0
  • 0

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам,
Жарық сәуле, сүйеу боп жүрші маған.
Шаттығымды, қайғымды тілмен айтып,
Қандай бақыт, күле алам, күрсіне алам.

Толық

Қарап көріңіз