Өлең, жыр, ақындар

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 295
Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа,
Тіреледі тағдырың тығырыққа.
Замандастың маңынан сая іздейсің,
Өкінішің жұмылып жұдырыққа.
Бақ ішінде бадана бұршақ тергем,
Жаңа тірлік мазаны ал, құрсақ керген.
Айналайын өзіңнен, мырза тағдыр,
Айтарымды айтуға мұрсат берген.
Алау отын жаныңнан жаға алам ба,
Жан-жағыңнан қасқыр ой қамағанда.
Саңылауын сананың ашсам дедім,
Сырымды айтып тұрғанда сан адамға.
Мен бір қызық адаммын жүрегі ашық,
Омбы қарды жүретін күреп ашып.
Күннің көзін зар болдым бір көруге,
Көлеңкенің шалғайын түре қашып.
Нысана қып шықты ма арлы үмітті,
Ағын сулар қаптады, алды ырықты.
Көктем келді, көк сулар көлкіп ақты,
Жар басына жинаумен жаңғырықты.
Шаңқай түсте шалқайып өсе бер, күн,
Даңғылында думан бар көшелердің.
Келешектен кешігіп қалмау үшін,
Кешендерді келеді кеше бергім.
Келешектен кешігіп қалғасын да,
Құйқылжыды бұлбұл құс тал басында.
Дәуірімнің дауылды дауысы бар
Мен жазатын өлеңнің жалғасында.
Дүрсілдеген кеудеде дүбірлі екпін,
Күндерімді көгілдір күбірлеттің.
Жүрексініп аспаннан жүргенімде,
Биіктігін аңғармай бұрын көктің.
Шырқай ұшып, шалқысын төбеде күн,
Бөгеттерді бұзайын, бөгемегін.
Тар қапаста талықсып, тұншыққанда,
Кеңістігім көлкіді неге менің?!
Ай асығып қонғанда ұясына,
Күн асылып қонғанда қиясына,
Сөз сөйлеуге ұмтылған ақын жүрек
Жүрек жасын қосады сиясына.
Дүниенің бола ма асыл мәні,
Кешкен күйін айтпаса басындағы.
Махаббатын айтуға ұмсынады
Тіршіліктің көктеген жасыл дәні.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан

  • 0
  • 0

Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан,
Талықсыған күресте талдым, айнам.
Тіршілігің өксіген көк өзендей,
Арты ұйық секілді, алды қайраң.

Толық

Көктем жаулады бізді

  • 0
  • 0

Көктем жаулады бізді,
Арықтар қалаға енді.
Шуақ саулады ізгі,
Сәуле санаға енді.

Толық

Аппақ гүлге көміліп аула қалды

  • 0
  • 0

Аппақ гүлге көміліп аула қалды.
Көктем бізді соғыссыз жаулап алды,
Жан жүректің астынан жалын көрдім,
Жалын біткен сүйеді лаулағанды.

Толық

Қарап көріңіз