Өлең, жыр, ақындар

Дәстүрге енген дағды дағдарыста

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 462
Дәстүрге енген дағды дағдарыста,
Қамалдар көшіп алды қорғанысқа.
Алты қаз Арал жаққа соқпай өтті,
Ақ өзен ағыс күтіп қалды Арыста.
Соғам деп қандай бұйым ойланып тұр
Көрікке көркем оймен барған ұста.
Білмейді қыс келерін, күз келерін,
Көлбеген түзу түтін түзде керім.
Албырап алма іздеген аққу мойын,
Үлбіреп қызыл шие үзген ерін.
Көзіме таныс тұлға шалынғанда,
Боламыз Сіз де керім, біз де керім.
Кеудеден кері итеріп өгей анам,
Жоғалтты желтоқсанын кедей алаң.
Жастық шақ алаңдарда алау жақты,
Жайнаған жалын күшке не дей алам?
Тербеліп тоғыз жолдың торабынан,
Ойланып ормандардың орамынан,
Ғарышқа қол тигізіп тұрды қазақ,
Алыстап жер бетінде қорабынан.
Ай туды аспан жақта орақ сынды,
Оралдан жеткен кезде оралып ән.
Көрікті жылдар өтті шамшырақты,
Сұлу жыл әдемі бір ән сұратты.
Алданып үміт күтіп жүрген күнім
Нәзіктеу жүрегімді қансыратты.
Гүл іздеп шыққан кезде исі жұпар,
Қаңтарым орап алды қарсы бақты.
Үңіліп балдың дәмін татқан кезде.
Ақ жаңбыр шатырымды қаққан кезде.
Жасыл түс жаз айына ұмтылып ем,
Ақ түтек орап алды ақпан лезде.
Айтылмай алқынумен арман қалды,
Тамшысы тарамдалып аққан көзде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты

  • 0
  • 0

Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты,
Көлеңкесін көктемнің таң ұзатты.
Жылқылардың желбіреп жалы қатты,
Қара жолддың қопырап шаңы жаттты.

Толық

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт

  • 0
  • 0

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт,
Құмға батып, қайырлап жатыр бақыт.
Көктем күні күлімдеп тұрады да,
Кенет бұршақ төгеді сатырлатып.

Толық

Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай

  • 0
  • 0

Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай,
Қиялдарға ғажайып беріледі әрқалай.
Қозғап едім бұтақты, сыңғыр етіп үн шықты,
Неткен сұлу төңірек, неткен сұлу қаңтар ай!

Толық

Қарап көріңіз