Өлең, жыр, ақындар

Үміт керек саған да, маған-дағы

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 415
Үміт керек саған да, маған-дағы,
Жылтырасын сары шам бағандағы.
Үмітпенен жасарып жер дүние,
Үмітпенен жайнайды адам бағы.
Қызғалдақтар құлпырып көркем белден,
Өрнек кетсе өміршең өркендерден,
Көлік тосқан сапарда жолаушыдай
Үміт күтіп жүреміз ертеңдерден.
Сенің-дағы үмітің жоғалмасын,
Көлдер іздеп тапқанда көк арнасын.
Алма ағашы үмітпен ұмтылады,
Құлатқанда бұтағы көп алмасын.
Жарқырайды бір шырақ күні-түнмен,
Қойныңда оны жүресің жылытумен.
Басқа таққан үкіңнен айырылма,
Есің болса, адаспа үмітіңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана жүрек

  • 0
  • 0

Жазира күн тағы да жалғаса ма,
Силай көрші, тәңірім, жанға сана.
Шаңқай түсің шалқайып шіренбесе,
Уқалай сап кірпігін, таң қаша ма?

Толық

Мезгіл жылдам өтетінін ойлама

  • 0
  • 0

Мезгіл жылдам өтетінін ойлама,
Үскірік қыс жететінін ойлама.
Жастық шағың бір бұрылмай артына,
Мәңгілікке кететінін ойлама.

Толық

Мен анамның әлдиімен өскенмін

  • 0
  • 0

Мен анамның әлдиімен өскенмін,
Мен әкемнің айбарынан сескендім.
Тыным таппай кеңістікті шарладым,
Жүрдек мезгіл тұсауымды кескен күн.

Толық

Қарап көріңіз