Өлең, жыр, ақындар

Ертегі елестері

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 622
Кеткелі жастық күндер желікпелі,
бір аңсау жанымды жеп мені үккені:
сендерді көрсем-ау деп армандаймын,
әкемнің үзеңгілес серіктері.
Әкесіз өтті күндер айнымалы,
табардай өздеріңнен бай мұраны
асығам, сендерге әкем ұқсайды-ау деп,
шешеме ат қойғызған қайнылары.
Ойлаумен ұрпақ қамын, уақыт қамын,
табардай қызыл тудан бақыттарын,
күресте есейгендер
тәтті-ащының
бозбала күндерінде-ақ татып дәмін.
Бас емес, бар мұратың – елің, жерің,
(пенделік күйбеңі екен менің «кегім»),
ақиқат өткелінде табыстырған
сендердің бір-біріңе сенімдерің.
Торласа көкті қошқыл бұлттар егер,
ел үшін дұшпан қанын ұрттап өлер.
Бара алмай алдарына, азап кешкен
сөз беріп, уәдесінен шықпаған ер.
Көңілін алаң етпей тақ та, би де,
сый тұтқан ақсақал ма,
жат сәби ме.
Түйілсе,
күміс сапты қамшысымен
бір тартып қарагерін тартқан үйге.
Жырақтап жарау атты тақымдар күн,
бұл күнде біле бермей атыңды әркім,
әкемнің жолдастары, жүрсіңдер ме
көзіндей ертектегі батырлардың?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайран Мәриям апам-ай...

  • 0
  • 0

Сырбай, Ғафу - қос ағам,
қос ағамнан айрылып,
босағасы жырдың босаған.
Сен де кетіп барасың

Толық

Өлімге бел шешу

  • 0
  • 0

Жүрегім өлім сұрайды,
сұрайды менен оңаша.
Өмірден кетсе шырайлы,
өкінер емес ол аса.

Толық

Революция және мен

  • 0
  • 0

Көктер қаулап келеді
қақ айырып қара жер қыртыстарын,
қатпар-қатпар саздарын, құм, қыштарын.
Көрдіңдер ме – оянып мұз толқындар

Толық

Қарап көріңіз