Өлең, жыр, ақындар

Александр дюма және астархан алабы

  • 30.11.2015
  • 0
  • 1
  • 18262
Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:
"Кітап болып ермегі,
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!
Армансыз бір демалып,
Аунау қандай жаз құмда.
Бақасындай Сенаның
Бықып жүрген қаз мұнда!
Салты бөлек басқа үйдің
Ерте тұрар,
Кеш жатып.
Жағасында Каспийдің
Салдық көбін қаусатып!
Киіз үйден жасаулы
Көз сүзеді үміттер.
Шалма тастап асауға,
Шіренеді жігіттер.
Жас балалар жарысар
Жайдақ мініп атыңа.
Алып келген алыстан
Қызығады затыңа...
Жүрек шіркін шерменде,
Жаттап сезім дәрісін.
Желігесің Көргенде
Желмаялар жарысын.
Түстім ұзақ, асықпай,
Басқұншақтың тұзына.
Көз жүгірттім
Асықпай
Қалмақтардың қызына.
Жатырқағыш қарағым,
Жат мінезден азатпын.
Қиылып-ақ қарадым
Қыздарына қазақтың!
Қалай қонақ сыйлайды
Сахараның сүйрігі!
Қос табаққа сыймайды
Қазақы қой құйрығы!
Ақсүйектер баяғы
Ас еместі ас депті.
Дәмін татқан жаяның
Жемес еді басқа етті!
Күн қызарып батады
Қызғылт нұрын шұбатып.
Жапан қалғып жатады
Жұтып алып шұбатын!
Көргенің жөн көзіңмен
Қолыңның бір босында.
Қырдың халқы сезінген
Қызық тірлік осында!
Кітап болып ермегі
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!"



Пікірлер (1)

Kara Kim.

Оте жаксы екен

Пікір қалдырыңыз

Бұлт және күн

  • 0
  • 0

Түс көріп ем:
Сақ-сақ күліп албасты,
Жүн-жүн қолмен жағама кеп жармасты.
Келесі күн

Толық

Жай сөзді

  • 0
  • 0

Жай сөзді,
Жайдақ сөзді тыңдапты кім?!
Жел сөзге шашылмасын мыңдап пұлың.
Дәулеттен,

Толық

Революция дәуірі

  • 0
  • 0

Махаббатқа мас болған гүл айында,
Жауқазын жас, санаңды сынайын ба?!
Сен қалайсың?
Бүгінде революционер

Толық

Қарап көріңіз