Өлең, жыр, ақындар

Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 768
Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей,
қара тас та елжіреп жібігендей.
Шындық үшін шыңғырған шыбын жаны
ұлы тұлға секілді мұңы жердей.
Сырт айналса, басқаша ісі мүлдем,
ісі түгілі өзгерер түсі бірден.
Көрсе адалды, аузында – қызғаныштан –
ит абалап, ішінде күшік үрген.
Көрінуге жақсы боп бұл арсыз жан
аттауға әзір қиналмай құран, тұздан.
Адалдықтың белінен басып өтіп,
құлатады да әлсізді құзар шыңнан.
Абзал, адал, көз арбар көрікті адам,
өз қамынан басқаға торықпаған.
Мен қорқамын осындай адамдардан,
Алладан да, ардан да қорықпаған.
1989



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәрбиеші

  • 0
  • 4

Ән салғызып, билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойната да біледі.

Толық

Шарасыздық

  • 0
  • 0

Мұңдасым да қалмады, сырласым да,
жалғыз қалып отырмын қыр басында.
Бас қамы мен ас қамы – ойлайтыны
жан берісер досың ба, құрдасың ба?

Толық

Күн жұтады тірлікті, жер екшейді

  • 0
  • 0

Күн жұтады тірлікті, жер екшейді,
күңкілдеумен күні өткен ел өспейді.
Соны ойласам, күңкілдің құрбаны боп
өліп кеткен ойларым елестейді.

Толық

Қарап көріңіз