Өлең, жыр, ақындар

Ән-жырымның арқауысың, Анажан!

Жарық қылған әрбір атқан күнімді,
Тыныш еткен мейіріммен түнімді.
Маған өмір сыйлаған жан Анашым,
Құтты болсын мерекеңіз бүгінгі!

Жүрегімді жарып шығып самғаған,
Бұл өлеңді бір өзіңе арнағам.
Ешқашан да мұңаймағын, жан ана,
Өзім барда өміріңді жалғаған.

Мына ғалам, қазіргі сәт — өзіңіз,
Өзіңізбен өмір көрген көзіміз.
Біздер үшін қымбат асыл тастан да,
Шын көңілмен айтқан әрбір сөзіңіз.

Бар бақытты тілер арнап балашың,
Біздер үшін орны бөлек дарасың.
Сегізінші кереметі әлемнің,
Ән-жырымның арқауысың, Анашым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұқағали — мәңгілік жыр!

  • 0
  • 0

Поэзия рухы болған әлемнің,
Үлгі тұтар ақыны бұл көп елдің.
Асылына айналған бар өнердің,
Мұқағали — тәңір тауы өлеңнің.

Толық

Әкешім — бәйтерегім!

  • 2
  • 0

Әке деген — қазынам, сай-терегім,
Әкешім — асқар тауым, бәйтерегім!
Әлемнің ең асылы өзің болсаң,
Әкесіз бұл өмірде қайтер едім?!

Толық

Кітап — білім бұлағы!

  • 0
  • 0

Кітап деген сиқыр ма екен әлде бір?
Кітаптарды қосайын мен әнге бұл.
Білсеңіздер кітаппен ой ашылған,
Тарихтарға талай таңба басылған.

Толық

Қарап көріңіз