Өлең, жыр, ақындар

Кітап — білім бұлағы!

Кітап деген сиқыр ма екен әлде бір?
Кітаптарды қосайын мен әнге бұл.
Білсеңіздер кітаппен ой ашылған,
Тарихтарға талай таңба басылған.

Қарасаңыз саналы ұрпақ қазіргі,
Кітаппенен болған екен төзімді.
Кітаптардан бар әлемді көреміз,
Осы күшпен қадам басып келеміз.

Дініміз де ашылған бұл кітаптан,
Осыменен өттік талай сынақтан.
Кітаптардан біліп талай заманды,
Жаңа өлке, жаңа тарих қаланды.

Кітап деген — бұл әлемнің көрігі,
Адамдардың мәңгі адал серігі.
Саналатын бар ғаламның ұраны,
Әрқашан да кітап — білім бұлағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәуле құйған алаштың санасына

  • 0
  • 0

Қазақта талай ақын пайда болған,
Өлеңі елге жетіп, ойға қонған.
Біздерге өлеңменен ғылым жетті,
Ахмет атамыздай ойлы адамнан.

Толық

Әрқашан да бағалайық отбасын!

  • 0
  • 0

Қымбат екен отбасы әр адамға,
Тұрады ғой орны бөлек ғаламда.
Болатұғын далаң, тауың, қалаң да,
Отбасыңды сақта мәңгі санаңда.

Толық

Аналар күніне

  • 0
  • 0

Барша аналар құтты болсын мейрамың,
Әрқашан да ойлап жүрер ел қамын.
Гүлдей жайнап, жадыранып жүздерің,
Сәттілікке толы болсын күндерің.

Толық

Қарап көріңіз