Өлең, жыр, ақындар

Сәуле құйған алаштың санасына

Қазақта талай ақын пайда болған,
Өлеңі елге жетіп, ойға қонған.
Біздерге өлеңменен ғылым жетті,
Ахмет атамыздай ойлы адамнан.

Ұстаз боп талай уақыт өлең жазған,
Алашта көсем болып басып озған.
Жағдайсыз адамдарға көмектесіп,
Қол ұшын аямаған көп пен аздан.

Мысалын тәрбие деп түсінер ем,
Қолданған өлең сөздің күшін ерен.
Ахмет дара тұлға атамыздың,
Сөзі бір әр істеген ісіменен.

Болашақ ұрпақтарға білім берген,
Халқына жақұттайын жырын берген.
Халқының қамын жеген қайран бабам,
Ешқашан байлық қуып жүгірмеген.

Ақылға жүгінгенге дәулет дайын,
Өткізген жақсылықпен әрбір айын.
Ойлауға ой берілсе жүрегімен,
Нұр шығар әр аяғын басқан сайын.

Ашусыз мейіріммен өмір сүрген,
Істеген әр ісіне көңіл бөлген.
Қуаныш пен қайғыны қатар алып,
Қиындықта біліммен күнін көрген.

Білімнің туын тіккен қаласына,
Айналған сан қазақтың данасына.
Ахмет атамыздың тәрбиесі,
Сәуле құйған алаштың санасына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кітап — білім бұлағы!

  • 0
  • 0

Кітап деген сиқыр ма екен әлде бір?
Кітаптарды қосайын мен әнге бұл.
Білсеңіздер кітаппен ой ашылған,
Тарихтарға талай таңба басылған.

Толық

Аналар күніне

  • 0
  • 0

Барша аналар құтты болсын мейрамың,
Әрқашан да ойлап жүрер ел қамын.
Гүлдей жайнап, жадыранып жүздерің,
Сәттілікке толы болсын күндерің.

Толық

Әрқашан да бағалайық отбасын!

  • 0
  • 0

Қымбат екен отбасы әр адамға,
Тұрады ғой орны бөлек ғаламда.
Болатұғын далаң, тауың, қалаң да,
Отбасыңды сақта мәңгі санаңда.

Толық

Қарап көріңіз