Өлең, жыр, ақындар

Қызғалдақ

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Ypімші, Құлжадан альбом-хаттар, жылы жырлар жолдаған ақын бауырларға арнаймын

Маған, міне, хат әкеліп балам жүр,
Ашып көрсем таңғажайып болам бip.
Онда менің алыстағы iнімнің
Отты жанын жарып шаққан балаң жыр.
Бұл дағы бip қызғалдақ қой бал-шырын,
Жерден алған, күннен алған жан сырын.
Балғын бойы мөлдіреген таза шық,
Ащы-қызғылт көз жасы емес жалшының.
Бұл дағы бip күнге өңін-боятқан,
Қызғалдақ қой, самал сипап оятқан.
Мұның таза денесінде демі жоқ
Шерлі шалдың ауыр-ауыр ой артқан.
Сүйіп көрем ондағы жас қаланың
Гүлге толы, нұрға толы алаңын,
Махаббатын маған сыйға ұсынған
Алатаудан қолым созып аламын.
Сүйіп көрем жаңа дала реңін,
Қиясында қиялыммен жүремін.
Сыйға сыйым, ұсынарым ұзаққа
Еш кінәсіз сәбиімдей жүрегім.
...Жер бусанып, күннің көзі қызғанда-ақ
Mәңгi жастық қабылдаған қызғалдақ!
Сүттен таза, оттан қызыл денеңнен
Қай періштe өз құшағын қызғанбақ?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім — сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым бip тыныш.

Толық

Кей сыншыға әзіл хат

  • 0
  • 0

Демен-ау сенің жоқ тiciң,
(Тістеген емес, сынаған...)
Ертерек піскен жоқпысың?..
Шамданып қалма сен оған.

Толық

Күлемін-ау

  • 0
  • 0

Meнiң досым бip сөзімдi бөлмеді;
Досқа досты «айттым», жауып бөлмені.
Kөзi жоғын мен жамандап отырмын,
Жамандаған жоқ еді ғой ол мені...

Толық

Қарап көріңіз