Өлең, жыр, ақындар

Нұра

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Keшip, Нұра!
Жазда келмей, күз қалдым,
Кешіксем де, толқынындай қозғалдым.
Бүгінгі бip ceнің сұлу бойыңды
Достарымнан — ақындардан қызғандым.
Аңшының да жақтырмадым бұққанын,
Аушының да саған қолын сұққанын...
Жас құраққа бауыр бастым баладай,
Жақсы түстей өңімдегі ұққаным.
Шошымасын аққуларың, шортаның,
Сегіз тәулік сенен қалмай жортамын.
Сақтамаймын асықтырған өлеңді,
Ақ қағазға жазамын да, жыртамын.
...Сегіз тәулік саған ердім асықпай;
Бар дүние бip өзіңе ғашықтай —
Күн көзі де созылады бетіңде
Қайта балқып жатқан күміс қасықтай.
Жол кетеді мені epiкciз әpi алып,
Қайта келем жер-қиянды оралып;
Өкпе назын маған бардай ол жолы
Сен жатасың көк көрпеге оранып.
Біткен жерде қалын қайың,
тал ағаш,
Miнeзің бар жолға тағы жоламас, —
Ақ тәнімді көрер деген арудай
Жалт бұрылып жөнелесің жалаңаш.
«Нағылсам да өз ырқыма көн!» —
дедің,
Қыр жағыңнан қырындап бip келді өpiң;
Жалынсам да барғызбады жаныңа
Көгендеулі көк марқадай көлдерің.
Тамаша ғой сенің жұпар түнгі исің,
Таң атқанша тау қойнауын үңгисің;
Сумаң eтiп, су пepici секілді
Күн шығарда көлге тағы сүңгисің
Тамаша ғой табиғаттың тілдepi,
(Өзен бейне өрген жібек тіндepi) —
Егінжайда Есілмен де кездесіп,
Жасырынбақ ойнадың бip түндері
Саған epiп сал жігіттей Есіл де,
Совхоздарға барғандарың есімде;
Ақ бидайдың ақша бұлттай тозаңы
Салқындатты сарғыш көлеңкесінде.
Қорғалжыңда қорабыңнан артасың,
Аралайсың жүгерісін, арпасын;
Әшекей мен Мөнек барып жуасың
Асыл қойдың жібек жүнді арқасын.
Терісаққан, Құланөтпес, Жаманшат —
Барлық өзен бip өзіңе жарамсақ.
Уа, дүние, махаббаттың жұлдызы,
Нұр сипатты Нұра болып жаралсақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын күзде атбасар

  • 0
  • 0

Атбасар барсаң аулаққа
Тозаңы дайым толқындап.
Алаңда, күллі аумақта
Жатады жері солқылдап.

Толық

Әр кездегі әуендер

  • 0
  • 0

Уа, Астана! Келдік тағы кеңеске;
Ой-толғаныс — ортақ парыз емес пе?!
Біздің өнер шыққан сайын биікке,
Өткен жолын түсіреді ол еске.

Толық

Жаратылған кісіліктен

  • 0
  • 0

Бәйкеңді —
Әшімұлын сексендегі
Айтсам мен түсінікпен тек сендегі,
Болған ол Ел ағасы белді бедел

Толық

Қарап көріңіз