Өлең, жыр, ақындар

Дарқан дария

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 417
Һәмәнда күні аптап ыстық,
Шексіз аспаны бipep құстық
Мары шаһары ойымда;
Байрамалы бойында
Epнiм оттай желін өпкен,
Эскадроным желіп өткен
Жер еді-ау бұл.
Қайтпаған қария көне серттен
Солтан-Санжарға көк есекпен
Келіп оқитын аятын,
«Жаңбыр!» — деп қолын жаятын;
Үлкен жиын жасап, тіпті
Тауысып етін тасаттықтың
Жер еді ауыл.
Қайтадан келсем ақын болып,
Көрсем сол маңды көзбен шолып,
Құс жолындай боз тұман.
Ойға кетем, аз тұнам.
Канал — белбеу; қиял оған
Сонау бұлттай ұялаған
Бip ғажайып.
Таң атса сонда құс базары,
Күннің де суға түстi ажары.
Тұман бойы тоғандар.
Біздің түрікмен туғандар
Түгел жинап қария, жасын,
Жатыр екен дария басын
Қырға жайып.
Дарқан бip жаңа дария тасып,
Ашхабаттан кетті Атырау асып.
Қара құмды қақ, жарған
Kүмic жалды ақ жорғам,
Алып қашып жөнелгендей,
Яки ақын кенелгендей
Илһәмына.
Мұңсыз шалқы, дарқан дария,
Ел қамына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабылан Жамбыл - қалың ел

  • 0
  • 0

Қол бepгeлi жә келмесін, жә келсін,
Бәpiбip сен шет жұртқа да Жәкемсің
Сен боп бүгін бүкіл қазақ айтары:
Дос құшаққа жақын түгіл жат енсін.

Толық

Құрманғазы (Эпилог)

  • 0
  • 0

Оқушым! Өзің соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы ол ғасырды?!
Ал сонау ата күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің жүрегімен жалғас ұрды.

Толық

Қос тілекшім болған

  • 0
  • 0

Ет жүректі бip маған елжіретіп,
Жаулықтарын жалаудай желбіретіп,
Баяғы сол мекенде мені күтсе
Сағынышқа сабырың жеңдіретін.

Толық

Қарап көріңіз