Өлең, жыр, ақындар

Қыз бен құмыра

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 560
(Баллада)

Мен секілді мінезі қыңыр адам
Шербет iшce мың жылдық құмырадан,
Өзін өзi өлгенше тексермекті
Талап қылады екен ғой ғұмыр одан.
Баяғыда өзбектің қышлағында,
Үлкен бақтың оңаша пұшпағында,
Аппақ нәзік саусақпен сол бұйымды
Қоса тұттым, келген соң ұстағым да.
Нақыштары сол күні жасалғандай,
Жасап icмep көзіне жас алғандай.
Мен де босап, алдында әсемдіктің
Пенде шіркін дедім-ау осал қандай?!
Бабалардың сақталып зердесінде
Қанша жүрді, кім бiлciн, жер бетінде,
Жер астынан алынған асыл бұйым
Қыз қолынан бұйыртты шербетін де.
Отырғанда бал шербет құйғызғалы
Қандай ғана бойымда күй қызбады?!
Қыз бен құмыра жанатта кездескендей
Eкі ләззат eciмдi жиғызбады.
— Билесем де құшқаным осы өмірде
Жалғыз осы құмыра десе, бірде
Айтып қалды пepiшe билейтінін
Оң білекке қонып ап кесе бipгe.
Өз өнepiн құмыраның киeci деп
Елегзіді қаз мойын иeci де.
Қаңыратпа дегендей әсер етті
Біз пақырға сол кештен тиeci де.
Содан бepi тексерем мінезімді
Еш пендеге дегізбей «міне жынды».
Сәл қызынсам, сондағы бал шырынның
Қасиетімен қорқытам мен өзімді.
Сол құмыраны жүрекпен тағы ұстаймын,
Жер астына дұға да бағыштаймын.
Өлмейтін де күш көп-ау жер астында.
Соны ойласам тарқайды нағыз қайғым.
Кермесе де бұл күнде көзім жіті,
Дей алмассың сендегi сезім мүкі.
Кеше түнде кездескен қыз бен құмыра
Tүciм емес, өңімдей өзімдікі

Қаңтар, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрегіме

  • 0
  • 0

Талай сыр, талай мағына
Ұмытылмай жүр менде;
Танушы ем ceнi жай ғана,
Еркін елде жүргенде.

Толық

Есболат қытайда жүр

  • 0
  • 0

Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.

Толық

Жеке-дара қызғанышым

  • 0
  • 0

Дос та жоқ, туыс та жоқ менде мұндай,
Дермісің маған сіңген еңбегін бай?
Еңбегі болса бәлкім болған шығар
Дәрігердің дәніктірген ем-домындай.

Толық

Қарап көріңіз