Өлең, жыр, ақындар

Үш кезеңде жазылған үш өлең

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Бірінші өлең
Жер бетінде тұңғыш жаралған ең бірінші қазаққа ода
Қазақстан тәәуелсіздігінің 10 жылдығына және қазақтың тұңғыш Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына арнаймын.
АВТОР

Жер жаһаным тіршілк жасыл кілем,
Ата-бабам әруақ асыл кием.
Жер бетіндегі Бірінші Қазақ
Мен саған басымды ием.
Бал бұлақтар көзінің жасы дерсің,
Қаншама есік ашып, Ғасыр енсін.
Бір сенен басталған Бірінші Қазақ
Үш жүздің ұрпағының Басы сенсің.
Тәңірім менің оң еткен сол бата дедім,
Сенің бейнеңді салса толғатар елім.
Кең даламда ескерткішті Бірінші Қазақ,
Әуелі саған орнатар едім.
Бас иіп атамекен қонысым да,
Бас иер патша, ақын, болысың да.
Жыр арнадым мен саған Бірінші Қазақ,
Қос ғасырдың тоғысында.
Бірінші Қазақ, саған құшақжаямын да,
Біз көрдік бұл өмірдің баянын да.
Біз қазақтар құтылдықбодандықтан,
Жиырмасыншы Ғасырдың аяғында.
Бірінші Қазақ болған бабам асыл,
Халқыма қоныс болған далам асыл.
Қазақтың ғасыры боп шықты алдымнан,
ЕКІ МЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛ
ЖАҢАҒАСЫР!
Қазақта ең бірінші батыр да өткен,
Қазақта ең бірінші ақын да өткен.
Қазақтың ең бірінші ханы да бар,
Ең алғаш тақтың дәмін татып өткен.
Жеткенше жол сапары елге асығар,
Ең алғаш қазақ салған жол басы бар,
Қуан Елім
Тәуелсіз қазағымның
Ең бірінші Президент ЕЛБАСЫ бар.
Қол жетіп
Құс ұясы
Шынардағы,
Жол күтіп
Жолдар күтіп тұр алдағы.
ТӘУЕЛСІЗ ТУ КӨТЕРДІ ТУҒАН ЕЛІМ
ЕҢ БІРІНШІ ҚАЗАҚТЫҢ
ҰЛЫ АРМАНЫ!
Бірі – жұмақ,
Өмірдің бірі — тозақ,
Тірліктің әрбір өткен күні ғажап.
Біз ұрпағың,
Біз мәңгі қарыздармыз
Жаралған ең алғашқы ҰЛЫ ҚАЗАҚ!

ЕКІНШІ ӨЛЕҢ
КЕНЕСАРЫ ХАН БҮГІН АТ ҮСТІНДЕ...
Бұл күнде Қазақстан Президенті тұғырына көтеріліп, Тәңірі мен халқы сайлаған таққа отырғанына он жыл толған мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына шынайы ақындық жүрегіммен осы өлеңді арнаймын.
Бұл өлең – 17 мамыр 2001 жылы ескерткіш ашылган тұста дүниеге келген.
Ш. Сариев
12 ақпан 2002 жыл

Арқада Көкшетауға жер жетпейді,
Қазақта Кенекеме ер жетпейді...
Мағжан Жұмабаев
Абылайдың ақтуын айта келді,
Назарымен шолғандай байтақ елді.
Кенесары хан бүгін ат үстінде,
Қырандай тұғырына қайта қонды.
Тұлпары кісінейді оқыранып,
Ер-тоқымның үстінде батыр алып.
Есілдің жағасында тұр бабамыз,
Алдында өмір-өзен жатыр ағып.
Келер күнге жетерсің көшіңменен,
Ымырт та үйірілер бесінменен.
Осынау тас-тұғырлы із қалмаса,
Есіл өмір өтеді Есілменен.
Мазасыз бұл тіршілік жай таба алмас,
Құлыптас қоймадың деп айта да алмас.
Ескерткішің болмаса есіл өмір,
Есілдің ағысындай қайта оралмас.
Келмесін дүниенің неге сәні,
Жүріп жатыр халқымда кеңес әлі.
Ел болғанның белгісі бұл қазақтың,
Ат үстінде хан бүгін — КЕНЕСАРЫ!
Жіберді тағдыр деген жіптік қылып,
Сан жылдар бұл бір сәтті күттік тынып.
Кенесары ханды бір қарсы алғандай,
Астана — заңғар үймен тіп-тік тұрып.
Патша бұл — патша емес қой құл-құтанға,
Сүйенер бәйтеректей бір-бір талға.
Кенесары хан бүгін риза шығар,
ӘБІШҰЛЫ НҰРСҰЛТАНҒА!
Халқының қайран қалып ғажабына,
Майдан сап төзген талай азабына.
Кенесары хан бүгін риза шығар,
Патшалық құрған мынау қазағына!
Есіл өзен толқып бір тасқан алда,
Арманға жол осылай бастала ма?!
Ел-халқымен кездесті ат үстінде,
КЕНЕСАРЫ ХАН БҮГІН – АСТАНАДА!
Астана
17 мамыр 2001 жыл

ҮШІНШІ ӨЛЕҢ
АСТАНА
Тәңір қосып Аспан-Жер кез болып ең,
Тілдесіп Адамзатқа сөз қонып ең.
АСТАНА – НҰРЕКЕҢНІҢ ДАСТАНЫНДАЙ,
Әр жолын жазып жатқан өз қолымен.
Бұл қала — Алатаудың терегіндей,
Жайқалып өскен көркем желегіндей.
Сөз қашап АБАЙ жазған ойы биік,
АСТАНА – НҰРЕКЕҢНІҢ ӨЛЕҢІНДЕЙ!
Тұз-дәмнің сыйға тартқан сан кесесі,
Ойшылдың кетпес әсте жанға есесі.
НУРСУЛТАН ӘБІШҮЛЫ ЖАЗҒАН ЖЫРЛАР
-Аяулы АСТАНАМНЫҢ әр көшесі.
Тарихтың керуен-сазды көші білген,
Ұлылар ғой тербеткен бесігімнен.
Астанамның аталған әр көшесі,
Әруақ, Ата-бабам есімімен.
Көктегі жұлдыздарға жанар ғашық,
Тағдырлар тарихында сан арбасып.
Ұлылар көшелері қиылысып,
Жатқандай бір-бірімен амандасып.
Тәуелсіз бұзған елім тас қамалын,
Ел-жұртым Сарыарқамда басқан адым.
ТӨЛЕ БИ,
ҚАЗЫБЕК БИ,
ӘЙТЕКЕ БИ
Төрінде үш би отыр АСТАНАНЫҢ!
Тәуелсіз елім бүгін жарық көрді,
Әлемге Қазақ дейтін танытты елді.
БҰЛ НҰРЕКЕҢ – НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ,
Көзінің тірісінде тарихқа енді!
Тәуелсіздік — Бүгінім,
Кеше келді,
Сол ғана көгертеді көсегемді.
Сол Тарихқа өлеңмен бірге енсекдеп,
Өзіңізге арнадым осы Өлеңді!
Көңіл ғой —
көкорайлы жасыл кілем,
Ұлтым ғой —
қасиетті асыл кием.
Халқыма тәуелсіздік алып берген,
ЖИЫРМАСЫНШЫ ҒАСЫРҒА БАСЫМДЫ ИЕМ!
Иіріп алшы тұрған асығындай,
Жас ұрпақ найзағайлы жасынымдай.
ЖИЫРМА БІР!
ҒАСЫР ОСЫ,
О, НҰРЕКЕ,
АЛЛАЖАЗСА,
ҚАЗАҚТЫҢ ҒАСЫРЫНДАЙ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жаным

  • 0
  • 0

Менің жаным — қарапайым өмірдей,
Менің жаным — жұмбақ әлем-көгімдей:
Жұлдыздары жатар кейде жарқырап,
Жұлдыздары жатар кейде көрінбей.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Бабамның көзіндей,
Анамның өзіндей,
Сәбилік сезімдей,
Ыстықсың туған жер.

Толық

Бір өлең сені күтіп келем енді

  • 0
  • 0

Бір өлең сені күтіп келем енді,
Құдірет сезім күші бөлеп елді,
Ананың ақ сүтіндей уыз дәмді,
Мен жазып қалдырамын сол өлеңді!

Толық

Қарап көріңіз