Өлең, жыр, ақындар

Прага

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 423
Прага — бір ғажайып Шаһар екен,
Оянып, Күнмен бірге атады екен.
Үйлері жұлдыз-аймен бір сырласып,
Ұйықтап түнмен бірге жатады екен.
Төмендетпей еңсесін аспандатпай,
Үшкір найза — ұшқан бір қасқалдақтай.
Нар өркеш үйлерінің төбесі бар,
Қып-қызыл төселген бір баспалдақтай.
Ескегін махаббаттың бірге есетін,
Ғашықтар қиялымен гүл кешетін.
Шежіре тас төсеген жолдары бар,
Тұлпарлар тұяғымен үндесетін.
Мұндай бір ғажап сырды кешкен емен,
Ойлайсың оралар деп еске немен.
Үйлерін безендірген не бір ғажап,
Тастардан шілтер тоқып, кестелеген.
Бозарып ататұғын асық таңға
Шатыры — жығылады асып талға.
Қиыстап көшелері доғалданған,
Арнайы жасалғандай ғашықтарға.
Ғимарат сұлу әсем айға ғашық
Келеміз қала сырын жайлап ашып.
Ғашық боп бір-біріне үймен үйі
Көшеде тұрғандай бір аймаласып.
Ел-халқы терді аямай төккен екен
Бұл жерде не бір заңғар өткен екен.
Прагадай — Шаһарды сала білген,
Чех елі — шынында да текті ел екен.
Ақын боп жырларыммен құлап өтем,
Жаныңда жайсаң иірім тұнады екен.
Зиялы қауым болса Адамдарда,
Қаланың зиялысы Прага екен!

3 қыркүйек 2003 жыл Прага.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірім

  • 0
  • 0

Мейірім көрдім күллі әлемнің көзінен,
Мейірім сездім күллі адамның сөзінен.
Тіпті, анау қара тастың өзінен
Туған жердің жылылығын сезінем.

Толық

Мендей сүйсе...

  • 0
  • 0

Өмірдің мен де мейман қонағымын,
Аңдайтын жолаушымын жол ағымын.
Тең тұрар төрағасы болсам деймін,
Қазақты сүйетіндер Одағының!

Толық

Құстардың үнінде

  • 0
  • 0

Құстардың үнінде,
Ғашықтар тілінде,
Жер жаһан гүлінде –
Лирика.

Толық

Қарап көріңіз